RU

Есікте бір топ жігіт зорлаған қыздың адвокаты: Қазақтың қызы мал емес

Есікте қыз зорлап ұзақ мерзімге сотталғандардың туыстары сотта үлкен шу шығарды. Үкіммен сотталушылардың өздері де, туыстары да келіскен жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.

Ұлдарының ұзақ мерзімге сотталғанына ашынған ата-ана айқайға басып, өшін тілшілерден алды. Жібек Мусинованы зорлағандардың жазасы осындай ауыр болады деп адвокаттар да ойламаса керек. Себебі сотта төртеуінің кінәсі толық дәлелденген жоқ дейді қорғаушылар. Сараптама да жәбірленушінің тек бір жігітпен жыныстық қатынаста болғанын көрсетіпті.

"Мусинованың жыныс мүшесінен, артқы тік ішегінен алынған сүртінділерде, іш киімінен алынған биоқабаттарда ешқандай еркектің ДНҚ-сы анықталған жоқ. Әрине Бектұрсындікі анықталды. Бірақ сот отырысында оның кафеде жәбірленуші Мусиновамен жыныстық қатынаста өз еркілерімен болғаны анықталды. Қалған үшеуінің ДНҚ-лары көрсетпеді", - дейді сотталушы А.Бектұрсын мен Е.Ермековтың адвокаты Қосанәлі Тұрмамбетов.

Ал жәбірленуші тарап төрт айға созылған даулы істе жеңіп шыққандарына қуанышты. Себебі Жібек Мусиноваға жасалған қорлық басқа жігіттерге сабақ болады - дейді адвокаты.

"Бұлардың айтуы бойынша қазақтың қыздары өзінің зорланғанын, еркектердің істегенін айтпау керек. Біз қазақтың қызы болсақ, намысын ойлаған болса, қазақ жігіттері ешкімді зорламаған. Қазір қазақтың қызы аузын жабуы керек дейді. Қазақтың қызы мал емес. Соны айтқымыз келіп тұр", - дейді Жібек Мусинованың адвокаты Айман Омарова.

Естеріңізге салсақ, Жібек Мусинованың зорланғанын анасы әлеуметтік желіде жайып салған. Ал қылмыстың өзі аудандық Ішкі істер бөлімінің алдында болыпты. Мұны білмей қалған шенді сақшылардың да жұмыстан қуылғанын айта кетейік.

Ал абыройым төгілді деп алты алашқа жар салған Жібек Мусинованың өзі соңғы сот отырысынан кейін ешқандай сұхбат беруге зауқы болған жоқ. Есесіне оның адвокаты шешім әділ болды дейді. Алайда топтасып қыз зорлағаны үшін темір торға тоғытылған төрт жігіттің өздері де туыстары да үкімнің тым қатал екенін айтады. Сондықтан жазаларын жеңілдету үшін алдағы уақытта апелляциялық алқаға шағым түсірмекші.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде жерді жалға берудің талаптары тағы өзгермек

Атырауда Өтеуовтің хаты бойынша қамауға алынған полицейлер қайта бостандыққа шықты

Өскемен тұрғыны 83 жастағы туған анасын үскірік аязда далаға қуып шықты

Байқал көлінің таңғажайып қысқы көрінісі

Назарбаев "Түнгі студияда" қонақта болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1331811-esikte-zorlanghan-qyzdynh-advokaty-qaz.html