RU

"Бәйтерек" басқарушы директоры: Қолдаушы көке іздегенше, жұмыс істеңдер

Жуырда ғана топ-менеджерлері жемқорлықпен ұсталған "Бәйтерек-Девелопмент" компаниясының қызметкерлеріне тағы да ескерту жасалды деп хабарлайды 31 арна.

"Бәйтерек" басқарушы холдингінің басшылары еншілес ұйымдарының мамандары мен "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша құрылыс жүргізіп жатқан мердігерлерді жинап, "қолдаушы көке іздегенше, жұмыс істеңдер" деді.

Он күндей бұрын "Бәйтерек-Девелопмент" компаниясы басқарма басшысының орынбасары Аслан Жақыпов пен тағы 2 топ-менеджер пара алу барысында ұсталған болатын. Олар "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша құрылыс жүргізіп жатқан белгілі бір компаниялардың мүддесін қорғап, ол үшін қомақты қаржы алып келген деп айыпталып отыр.

Осы жайт түрткі болса керек, "Нұрлы жолға" қатысты холдинг мамандары мен мердігерлерді жинаған "Бәйтерек" компаниясының басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев, жуырдағы жағдайдың ізі суымай жатып, тағы да "қолдаушы" іздеп жатқандар жайлы естігенін айтты.

Сондықтан, мердігерлерге "көке" іздегенше, құрылысты уақтылы бітіруге барын салу қажет деді. Әйтпесе "тоқпақтап істететін" мүмкіндігіміз бар деп ескертті.

" Құрылысшылардың арасында "Ойбай, енді аналарға барып едік, енді басқаларға жүгінейікші, жалынайықшы. Мүмкін олар бірдеңе берсек қағазымызды тез өткізіп жібере ме" деген ой туындамасын деп сондай қатты сөз айтып отырмын", - дейді "Бәйтерек" ҰБХ басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде жерді жалға берудің талаптары тағы өзгермек

Атырауда Өтеуовтің хаты бойынша қамауға алынған полицейлер қайта бостандыққа шықты

Өскемен тұрғыны 83 жастағы туған анасын үскірік аязда далаға қуып шықты

Байқал көлінің таңғажайып қысқы көрінісі

Назарбаев "Түнгі студияда" қонақта болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1331852-bayterek-basqarushysy-merdigerlerge.html