RU

Мұсылманша киіммен бассейнге түскен әйел астаналық азаматтың ашуын келтірді

Балалар бассейнінің бірінде мұсылманша киіммен суға түсіп жүрген бойжеткен астаналықтың наразылығын туғызды. Оның ойынша, көп қабатты суға тусуге арналған киім бассейнде антисанитарияға жол береді.

Астаналық жігіт елорданың элиталық фитнесс-клубына баласымен бірге бассейнге суға түсуге келген. Ондағы бір баланың буркини киген анасын көрген кезде ол қатты таң қалыпты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазған.

«Көп қабатты киім. Менің түсінгенім бойынша, костюм үш детальдан тұрады: кеуде тұсы, шалбары, камзол және бас киімі", - деп наразылығын білдірді азамат.

Мұсылманша киінген әйелдің бассейннен шығып саунаға бет алғаны астаналық жігіттің көңіліне жақпапты. Оның ойынша, су костюміне жиналып қалған кір мен бактерия суда жүрген балаларға қауіпті.

«Ол жерде әлгі әйел терледі, сонымен бірге мәрмәр орындықтың үстіндегі сұйықтықтардың бәрін костюміне сіңіріп алды. Одан басқа келген адамдардың тері бар.

Мұндай санитарлық норманы бұзған элиталық фитнес-клубты Астанадан бірінші рет көруім. Белгілі бір гигиеналық ереже туралы түсінік, меніңше, әрбір адамда болуы тиіс", - дейді астаналық жігіт.

Оның айтуынша, клуб әкімшілігі бұл мәселені қарастыруға уәде беріпті. Егер де арнайы материал қолданылса, олар келушілерге бассейнге түсуге тыйым сала алмайтындықтарын айтқан.

«Бұл материал адам душқа жуынғанда суды денеге өткізбейді, алайда бассейннің ішінде ол өзінде жиналған кірдің бәрін сыртқа шығарады", - дейді автор. 

Тағы оқыңыздар:

Алматының орталық көшесінде жаппай төбелес болды (видео)

Есікте бір топ жігіт зорлаған қыздың адвокаты: Қазақтың қызы мал емес

Баласын оңдырмай сабаған алматылық ана 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілетін болды

Назарбаев "Түнгі студияда" қонақта болды (фото)

Елімізде жерді жалға берудің талаптары тағы өзгермек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1331901-musylmansha-kiimmen-basseynge-tusken.html