RU

Мәңгі жаз болатын елде қар жауып, көліктер жүре алмай қалды

Дүйсенбі күні Сауд Арабиясында қар жауды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Егемен Қазақстан басылымы хабарлайды.

Корольдіктің бас метеорологиялық басқармасының мәлімдеуінше, ауа райының қолайсыздығы көлік қозғалысына зиянын тигізген. Сонымен қатар, орталық бөлігіндегі астаналық округ аудандарында шөл даладағы құмның бетін қар басып қалды.

Табарджал қаласында ауа температура -3°C дейін төмендеді, Әл-Куараят провинциясында сынап бағанасы -1°C көрсетті.

Метеорологиялық басқарма жақын күндері корольдіктің барлық аумағында – Эр-Рияд, Шығыс провинцияларда, Меккеде, Мединада, сондай-ақ корольдіктің оңтүстік-батыс қалаларында жауын-шашын болатынын ескертті. Азаматтық қорғаныс корольдік құзырындағы азаматтар мен шетелдіктерді сақтық шараларын ұстануға шақырды.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Мен дауылдың ортасында қалдым

ОҚО-да жұрт "жабайы" деп атап кеткен алақандай ауылдың тұрмысы қандай? (фото)

Мұсылманша киіммен бассейнге түскен әйел астаналық азаматтың ашуын келтірді

Алматының орталық көшесінде жаппай төбелес болды (видео)

ОҚО-дағы үлкен базар 12 минутта күлге айналған (фото)

Ақтөбелік жігіт моншада үстіне мұздай судың орнына ыстық су құйып жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1332070-manhgi-zhaz-bolatyn-elde-qar-zhaudy.html