RU

"Шымбұлақта" қаза болған марқұм жігіттің туысы халықты өте сақ болуға шақырды

"Шымбұлақта" қаза болған марқұм жігіттің туысы Facebook желісіндегі парақшасында шаңғы тебуде тәжірибесі жоқ адамдарды өте сақ болуға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Өзі мейірімді, өзі нұрлы балдызым Нұрлыбекті соңғы сапарға шығарып салдық. Сенбі күні Шымбұлақ базасында шаңғымен таудан түсіп келе жатып, опат болды. Қапияда болған жәйт ата-анасы, келіншегіне қатты ауыр тиіп жатыр. Шаңғымен таудан алғаш түсуі, тәжірибесі жоқ. Бұл жағдайға кез-келген адам душар болуы мүмкін. Мұндай қасірет болмас үшін Шымбұлақтағы нұсқаушылар, қызмет көрсетушілер адамнан шаңғы тебу білетін, білмейтінін сұрауы тиіс деп ойлаймын. Кім-көрінгенді бақылаусыз тау шаңғысына тұрғызуға болмайды. Сақ болыңыздар! Нұрлыбек жаның жәннәтта болсын!", - деп жазды Азамат Кеңесұлы.

Еске сала кетсек, сенбі, 26 қараша күні "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында ер адамның қайтыс болғаны хабарланған. Кейін ер адамның тұлғасы анықталып, ол

36 жастағы Нұрлыбек Жұмашев екені белгілі болды.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Мен дауылдың ортасында қалдым

ОҚО-да жұрт "жабайы" деп атап кеткен алақандай ауылдың тұрмысы қандай? (фото)

Мұсылманша киіммен бассейнге түскен әйел астаналық азаматтың ашуын келтірді

Алматының орталық көшесінде жаппай төбелес болды (видео)

ОҚО-дағы үлкен базар 12 минутта күлге айналған (фото)

Ақтөбелік жігіт моншада үстіне мұздай судың орнына ыстық су құйып жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1332095-shymbulaqta-qaza-bolghan-marqum-zhigitt.html