RU

Павлодар облысында газ баллоны жарылып, екі кішкентай бала қаза болды (фото)

Павлодар облысы Шарбақты ауданында жекеменшік үй өртеніп, екі баланың өмірін жалмады, деп хабарлайды BNews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан орталығындағы тұрғын үйдің ішінде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт болған. Салдарынан үй заттары мен қабырғалары жанды.

«Қызыл жалын 30 шаршы метрлік аумақты жалмады. Салдарынан 39 және 37 жастағы ерлі-зайыптылардың денелерін күйік шалды. Ал, көршілерінің бір жасар қызы мен 10 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Қазіргі таңда оқыс оқиғаның себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда», – деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Аудандық орталық ауруханасы мамандарның хабарлауынша, ерлі-зайыптылардың денелерінің 90%-ын күйік шалған. Қазіргі таңда олар емдеу мекемесінің жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Сырқаттарға көмек көрсету мақсатында Павлодар қаласынан бір топ дәрігер санавиация арқылы аудандық ауруханаға шыққан.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Мен дауылдың ортасында қалдым

ОҚО-да жұрт "жабайы" деп атап кеткен алақандай ауылдың тұрмысы қандай? (фото)

Мұсылманша киіммен бассейнге түскен әйел астаналық азаматтың ашуын келтірді

Алматының орталық көшесінде жаппай төбелес болды (видео)

ОҚО-дағы үлкен базар 12 минутта күлге айналған (фото)

Ақтөбелік жігіт моншада үстіне мұздай судың орнына ыстық су құйып жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1332122-pavlodar-oblysynda-gaz-ballony-zharyl.html