RU

Әлемдегі ең толық адам тағы 85 келі қосып алды (фото)

Толықтығына байланысты 6 жыл бойы керуетке таңылған мексикалық азамат Хуан Педро Франко жақында Гвадалахара қаласының ауруханасына жеткізілді деп хабарлайды fishki.net порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Енді ер адам бірнеше ай бойы қатаң диета ұстайтын болады. Содан кейін оған ота жасалады. Франконың салмағы бұрын 500 келі болатын. Алайда мексикалық азаматтың салмағын өлшеп көрген дәрігерлер таңырқап қалды. Белгілі болғандай ер адам тағы да 85 келі қосып алған екен.

Мамандардың айтуынша, Франкоға ота жасалғаннан кейін оның салмағы бір жарым жылдан кейін шамамен 80-90 келі болады.

Айта кетейік, 32- жастағы Франко әлемдегі ең толық адам. 6 жыл бойы үйінен шықпаған мексикалық азамат өзге адамдар секілді көлік жүрігізіп, ән айтып, би билеп, өз аяғымен жүруді армандайды.

Франко ешқашанда арық болмаған. Керісінше жол апатына түскеннен кейін ол салмақ қосуын үдеткен.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Мен дауылдың ортасында қалдым

ОҚО-да жұрт "жабайы" деп атап кеткен алақандай ауылдың тұрмысы қандай? (фото)

Мұсылманша киіммен бассейнге түскен әйел астаналық азаматтың ашуын келтірді

Алматының орталық көшесінде жаппай төбелес болды (видео)

ОҚО-дағы үлкен базар 12 минутта күлге айналған (фото)

Ақтөбелік жігіт моншада үстіне мұздай судың орнына ыстық су құйып жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1332165-alemdegi-enh-tolyq-adam-taghy-85-keli-qosy.html