RU

Гүлнәр Каримова халық алдына шығып, сөз сөйлемек

Өзбекстанның қайтыс болған президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнәр Каримова жастарды әкесін еске алуға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Гүлнәр Каримова әкесі бақилық болғаннан бері халық алдына шықпаған еді. Жақында ол Твиттердегі аккаунтында жастарды әкесін еске алуға шақырған. Іс-шарада марқұм президенттің үлкен қызы сөз сөйлейді деп күтілуде.

Айта кетсек, Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін бірқатар БАҚ Гүлнәр Каримованың көз жұмғанын жарыса жазып, шулаған болатын. Алайда Ташкентте бұл ақпарат жоққа шығарылды.

Естеріңізге салып өтсек, Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримов 2 қыркүйек күні 79 жасында дүниеден озды.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Мен дауылдың ортасында қалдым

ОҚО-да жұрт "жабайы" деп атап кеткен алақандай ауылдың тұрмысы қандай? (фото)

Мұсылманша киіммен бассейнге түскен әйел астаналық азаматтың ашуын келтірді

Алматының орталық көшесінде жаппай төбелес болды (видео)

ОҚО-дағы үлкен базар 12 минутта күлге айналған (фото)

Ақтөбелік жігіт моншада үстіне мұздай судың орнына ыстық су құйып жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1332261-gulnar-khalyq-aldyna-shyghyp-soz-soyleme.html