RU

Бозымбаев: Қазақстандағы бензиннің қымбаттауы Ресейге тәуелділіктен болып отыр

Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда бензиннің қымбаттауын түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, бензиннің бағасына қатысты басты мәселе Қазақстанның Аи-92 бензині бойынша 30%-ға Ресейге тәуелді екендігіне байланысты туындап отыр.

"Қазақстан мен Ресей шекарасында 92 бензині бағасының жоғарылауы байқалады. Сенбі күні Ресей энергетика министрі Новак мырзамен сөйлесіп қайттым. Біз елдіміздегі компаниялардың желтоқсанда ресейлік бензинді 100 мың тоннаға дейін жеткізуі мәселесін реттеп жатырмыз", — деді Бозымбаев сейсенбі күнгі үкімет отырысынан кейін тілшілерге.

"Ресейдің Қазақстанға экспорттайтын бензинді қымбаттатуының себебі айқын: меншік иесінің ауысуына байланысты башқұрт МӨЗ-да бірнеше ішкі мәселелер туындаған: ол жақта есеп, тексерістер жүргізілуде. Қазіргі уақытта Қазақстанға бензин жеткізу көлемі шектелген", — деді Бозымбаев.

Тағы оқыңыздар:

Колумбияда бразилиялық футболшылар отырған ұшақ апатқа ұшырады (фото)

Гүлнәр Каримова халық алдына шығып, сөз сөйлемек

Таразда тоқ ұрып бесінші қабаттан құлаған ер адам аман қалды

Әлемдегі ең толық адам тағы 85 келі қосып алды (фото)

Мұсылманша киіммен бассейнге түскен әйел астаналық азаматтың ашуын келтірді

Дәрігер көңілдесімен бірге болу үшін өзіне сегіз бала сыйлаған әйелін өлтіріп тастаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1332373-bozymbaev-qazaqstanda-ai-92-benzinininh.html