RU

Мұхамедиұлы Facebook парақшасының жабылу себебін түсіндірді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook әлеуметтік желісінде парақшасының ашылуы мен оның кенеттен жабылуына қатысты ойын білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бірнеше күн бұрын министр Facebook желісінде парақша ашқан болатын, алайда сәлден соң парақша кенеттен жабылып қалды.

"Бәлкім, талай шындықты айтып қояр ма екен деп жауып тастаған болар", — деді ол парақшасының жабылуы туралы.

Мұхамедиұлы бұдан бұрын Facebook-те парақшаны "ақпарат бөлісу" және "мәдениет пен спорт саласындағы өзекті мәселелерді талқылау" үшін ашқандығы туралы жазған болатын. Министр бүкіл комментарийлерді оқып, мүмкіндігінше жауап беруге тырысатындығын айтқан еді.

Тағы оқыңыздар:

Колумбияда бразилиялық футболшылар отырған ұшақ апатқа ұшырады (фото)

Гүлнәр Каримова халық алдына шығып, сөз сөйлемек

Таразда тоқ ұрып бесінші қабаттан құлаған ер адам аман қалды

Әлемдегі ең толық адам тағы 85 келі қосып алды (фото)

Мұсылманша киіммен бассейнге түскен әйел астаналық азаматтың ашуын келтірді

Дәрігер көңілдесімен бірге болу үшін өзіне сегіз бала сыйлаған әйелін өлтіріп тастаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1332453-mukhamediuly-facebook-paraqshasynynh-zhabylu-se.html