RU

Колумбиядағы әуе апатынан 76 адам қаза болды (фото)

Колумбиядағы ұшақ апатының орнында белсенді құтқару жұмыстары жүргізілуде. Іздеу жұмыстарына ауа райы кедергі келтіріп жатқанына қарамастан, тірі қалғандар туралы ақпараттар келіп түсіп жатыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақтың құлаған жері қоршауға алынды. Тұрғындарды апат болған жерге жолатпауда. Оқиға орнында 90 құтқарушы мен 30 жедел жәрдем көлігі қызмет етуде. Полицейлер мен өрт сөндірушілер, екі тікұшақ та жұмылдырылған.  

Іздеу жұмыстарына ауа райы кедергі келтіруде. 5 адам аман қалғаны расталып отыр. Олар емханада. Арасында 27 жастағы футбол командасының ойыншысы Алан Рускель мен 31 жастағы голкипер Данило және экипаж қызметкері бар.

Расталмаған мәліметтерге сәйкес, тағы үш ойыншы аман қалған болуы мүмкін. Бортта барлығы 22 ойыншы, сегіз менеджер, үш клуб қонағы және 21 журналист болған. Олардың бәрі Copa Sudamerica чемпионатының финалына жетуі тиіс еді.

Колумбия билігі әуе апатынан 76 адам қаза болғанын растады - олардың бірі емханада көз жұмған. Еске салсақ, 29 қараша күні Колумбияда 72 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшыраған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Колумбияда бразилиялық футболшылар отырған ұшақ апатқа ұшырады (фото)

Гүлнәр Каримова халық алдына шығып, сөз сөйлемек

Таразда тоқ ұрып бесінші қабаттан құлаған ер адам аман қалды

Әлемдегі ең толық адам тағы 85 келі қосып алды (фото)

Мұсылманша киіммен бассейнге түскен әйел астаналық азаматтың ашуын келтірді

Дәрігер көңілдесімен бірге болу үшін өзіне сегіз бала сыйлаған әйелін өлтіріп тастаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1332720-kolumbiyadaghy-aue-apatynan-76-adam-qaza-b.html