RU

Сүйіктісіне сырға салды деп жұртты шулатқан ақын баланың үйленетіні рас па?

Жақында ғана Қазнетті дүрліктірген ақын бала Жамбыл Дүйсеновтің болашақ жарына сырға салынды деген ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

12 жастағы ақын бала Жамбыл Дүйсенов құда түсіп, болашақ жарына сырға салды деген ақпарат қауырт тарап кеткен болатын. Осы орайда баланың анасына хабарласқан басылым тілшісі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын анықтаған.

"Мен бұл жаңалықты жазған әзілкеш адамды іздестіріп жатырмын. Біз Алматыда тұрамыз. Өзім мұғаліммін. Күйеуім әкімдікте істейді. Жамбыл - біздің жалғыз ұлымыз. Оған үйленуге әлі ерте", - деп түсіндірді Жамбылдың анасы Кәмшат Дүйсенова.

Сол арада желі қолданушылары бұл жалған жаңалықты қуана қабылдап, жағымды пікірлерін жаудырып үлгерді.

«Адамдар 40 жасқа дейін үйленбей жүрсе алаңдау керек", "Бұл жұп Ананди мен Жагдишия секілді болмақ", - деп әзілдеді желі қолданушылары.

Бес жылдан бері өлең жазу дарынымен көзге түскен ақын балақай 30 қараша күні Студенттер сарайында өз шығармашылық кешін ұйымдастырмақ. Оған қолдау көрсеткендер арасында Бибігүл Төлегенова, Мақпал Жүнісова мен Ескендір Хасанғалиев бар. Олар балақайдың кешінде өнер көрсететін болады.

12 жасында үйленеді дегеннен гөрі бұл жаңалық ақынның өнеріне тәнті болғандар үшін әлдеқайда жағымдырақ болмақ.

Алан Исаевтың материалынан аударылды.

Тағы оқыңыздар:

Колумбияда бразилиялық футболшылар отырған ұшақ апатқа ұшырады (фото)

Гүлнәр Каримова халық алдына шығып, сөз сөйлемек

Таразда тоқ ұрып бесінші қабаттан құлаған ер адам аман қалды

Әлемдегі ең толық адам тағы 85 келі қосып алды (фото)

Мұсылманша киіммен бассейнге түскен әйел астаналық азаматтың ашуын келтірді

Дәрігер көңілдесімен бірге болу үшін өзіне сегіз бала сыйлаған әйелін өлтіріп тастаған

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1332777-syrgha-saldy-dep-zhurtty-shulatqan-aqyn.html