RU

Мұз алаңына сән үшін 5000 балықты қатырып тастағандар жаға ұстатты (фото)

Жапонияда "Ғаламшар әлемі" атты мұз алаңына сән үшін 5000 балықты қатырып тастағандар жұрттың ашуын келтірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

Мұз алаңының әкімшілігі осылайша өзіне клиенттер тартпақ болған. Алайда бұл жарнамалық қадамды жұрт жылы қабылдай қойған жоқ. "Біз алғаш болып, бұл сән түрін ойлап таптық деп" желі парақшасында мақтанған парк басшылығына халық дүрсе қоя берді.

Олар парктің қызметкерлерін қатыгез деп атап, өлі балықтардың үстінде ешкім көңіл көтере алмайтынын алға тартқан. Балықтарды базардан өлі күйінде алдық деп ақталған парк иесі, ақыры мұзды қайта ерітті. Балықтардан толықтай тазартылған мұз алаңы тек бірнеше күннен кейін қайта ашыла алған.

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттік ақсақал әйелін сырқаттан құтқару үшін 100 мың теңге беретін адам іздеп жүр

Назарбаев қатысқан "Түнгі студияда" бағдарламасынан үзінді жарияланды (видео)

Шымкенттік бүлдіршін Назарбаевқа жүрек тебірентер хат жазды (фото)

Сырға салды деп жұртты шулатқан ақын баланың үйленетіні рас па?

Колумбиядағы әуе апатынан 76 адам қаза болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1332874-muz-alanhyna-san-ushin-5000-balyqty-qatyryp.html