RU

Қызылордада «Тәуелсіздік және Елбасы» форумы өтті

28 қараша күні Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Тәуелсіздік және Елбасы" тақырыбында форум өтті.

Форумға арнайы шақырылған қонақтар  ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі – департамент директоры Берік Уәли, «Астана» халықаралық қаржы орталығының директоры Саясат Нұрбек, Халықаралық журналист Қанат Әуесбай қатысты.  Қала қонақтары форумнан бұрын әлеуеті артып, сәулеті келіскен Сырдың бас шаһарындағы маңызды нысандарды аралады.

Форум барысында алғаш болып сөз алған қала әкімінің орынбасары Нұрхан Жәлиев тәуелсіздік жылдарында Қызылорда қаласының жетістіктеріне тоқталып өтті.

Шараның қонақтары өз кезегінде мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктері мен Елбасының ерен еңбегі туралы сөз қозғап, Тәуелсіздік және Елбасы егіз ұғым екендігін кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының бүгінгі жетістіктеріне деген таңданыстарын жасырмады.

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1332985-qyzylordada-tauelsizdik-zhane-elbas.html