RU

Туған ұлының тойынан сыйлық ұрлаған ана қомақты айыппұл төледі

Мужчина держит в руках крупную сумму денег
Иллюстративное фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Австрияда туған ұлының тойынан сыйлық ұрлаған ана қомақты айыппұл төледі. Бұл туралы NUR.KZ порталы travelnews24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Австрия соты туған ұлын тонаған түркиялық азаматшаға €1200 айыппұл салды. Белгілі болғандай, той кезінде жас жұбайлар анасына қонақтар сыйға әкелген алтын бұйымдарды жинап қоюды табыстаған. Түркияда өткен  тойда дәстүр бойынша алтын әшекейлер әкелетін той қонақтары барлығы €20 мыңға сый жасады.

Көп ұзамай жас жұбайлардың дәм-тұзы жараспай қалады. Ажырасуға бел буған ерлі-зайыптылар анасы сақтап қойған алтын әшекейлерді теңдей бөліп алуды ұйғарған. Алайда ешқандай әшекей келмеді деп жалған сөйлеген анасы алтындарды қайтарудан түбегейлі бас тартты.

Ақыры ісі сотта қаралған әйелдің туыстардан келген сыйлықтарды өзіне алып алғаны анықталған.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздің бас шыршасы енді Тәуелсіздік күнінен кейін жағылады

Гүлнұр Оразымбетова өзін біреудің отбасын бұзды деп айыптағандарға жауап берді

Назарбаев Қазақстандағы сотталушыларға рақымшылық жасауды ұсынды

Алматы облысында үш ағайындыны өлтірген күдікті өмір бойына сотталып кетті

Назарбаев қатысқан "Түнгі студияда" бағдарламасынан үзінді жарияланды (видео)

Сырға салды деп жұртты шулатқан ақын баланың үйленетіні рас па?

Колумбиядағы әуе апатынан 76 адам қаза болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1333091-tughan-ulynynh-toyynan-syylyqtardy-url.html