RU

Әйгілі «Дордойдың» шатыры құлап, екі отандасымыз зардап шекті

Бішкекте базардың шатыры құлап, одан қазақстандықтар да зардап шекті деп хабарлайды КТК арнасы.

Әйгілі «Дордойдың» төбесі қалың қарды көтере алмай опырылып түскен.

«Дордой» базарындағы құлаған шатырдың аумағы 450 шаршы метрді құраған. Ал оған қалың қар жауып, артынан күннің тез жылуы себеп болыпты.

Апаттан бес адам зардап шеккен. Олардың қатарында екі қазақстандық бар. 60 және 38 жастағы екі азамат басынан жарақатын алған.

Жапа шеккендердің барлығы дереу Бішкектегі ауруханалардың біріне жеткізіліп, қазір тиісті ем-дом жасалып жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Туған ұлының тойынан сыйлықтарды ұрлаған ана қомақты айыппұл төледі

Заманауи шешен тойы қалай өтеді?

Хиджабтағы ару алғаш рет сұлулар сайысына қатысты (фото)

Аты-жөні белгісіз мұсылман көп балалы анаға барлық жағдайы бар баспана сыйлады

Көкшетауда бесінші қабаттан құлаған ер адам қаза болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1333168-aygili-dordoydynh-shatyry-qulapeki-o.html