RU

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында демалу қымбатқа түспек

Алматыдағы әйгілі «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында демалатындар үшін баға біршама көтеріледі деп хабарлайды Астана арнасы.

10 желтоқсаннан бастап шаңғы тебушілер 9 мың 500 теңге төлейтін болады. Ал қазір әрбір келуші үшін кіру ақысы - 6 мың 500 теңге тұрады.

Курортты аймақтың жетекшілері тарифтегі өзгерістерді биыл жаз айларында жүргізілген жөндеу жұмыстарымен байланыстырып отыр. Енді он күннен кейін шаңғы демалыс кешенінде жаңа маусым басталады. Осы кезде курорттың аумағындағы барлық сырғанау жолдары іске қосылмақшы.

"Жөндеу жұмыстары үшін сатып алынған құрылыс материалдары мен құрылғылар бізге еуромен есептелініп жеткізілді. Өздеріңіз білесіздер, шетел валютасы бізде құбылып тұрады. Сол себепті, өз шығынымыздың орнын жабу үшін бағаны осылай көтеруге мәжбүрміз. Бұл тек сырғанақ тебушілер үшін, ал демалыс аймағына кіріп, жаяу қыдыратындарға баға көтерілген жоқ", - дейді "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты маркетинг бөлімінің жетекшісі Владислав Семенов.

Тағы оқыңыздар:

Туған ұлының тойынан сыйлықтарды ұрлаған ана қомақты айыппұл төледі

Заманауи шешен тойы қалай өтеді?

Хиджабтағы ару алғаш рет сұлулар сайысына қатысты (фото)

Аты-жөні белгісіз мұсылман көп балалы анаға барлық жағдайы бар баспана сыйлады

Көкшетауда бесінші қабаттан құлаған ер адам қаза болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1333178-shymbulaq-tau-shanhghy-kurortynda-dema.html