RU

Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шыққалы жүр

Танымал әнші Ақбота Керімбекова өздері жабысып, "сүйем-күйем" дейтін жас жігіттердің көп екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнаның "Ұят емес" бағдарламасында айтты.

Бағдарламада Ақбота Керімбекова өзінің альфонс күйеулері туралы сыр шертті. Сонымен бірге, ол жеке өміріне қатысты да бірқатар мәселелердің басын ашты.

"Бақытты болу үшін елге жар салудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бірақ тұрмысқа шықсам ешкімге жария қылмай, тып-тыныш болғанын қалаймын", - деген әнші сүйіктісінің өнерге жақын адам екенін айтты.

"Естіп қойдыңыздар ғой, жоқ деп айтпаймын бар нәрсені, бар адамым жанымда. Ол кісі менің өнеріме ғашық. Қазір шүкір, бәрі жақсы. Қалғаны уақыттың еншісінде. Ертеңімді ойлағым келмейді. Мүмкін ертең мен өліп қалуым мүмкін. Сондықтан барлығы бір Алланың қолында", - деді ол.

Екі рет өмірде жолы болмаған әнші үшінші рет бақыттан күдерін үзбейтінін жеткізді.

Дегенмен, ол сүйіктісінің атын елге жарияламауды жөн көрді.

Тағы да оқыңыздар:

"Хосписте" өткен бір күн: Айықпас дертке шалдыққандардың өмір үшін күресіне қолғабыс етушілер кім? (фото)

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында демалу қымбатқа түспек

Әйгілі «Дордойдың» шатыры құлап, екі отандасымыз зардап шекті

Нұрсұлтан Назарбаев "Түнгі студияда" бақыттың не екенін айтып берді (видео)

Діни басқарма Мұхамеджан Тазабековке қатысты пікірін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1333343-aqbota-kerimbekova-ushinshi-ret-turmys.html