RU

Тамара Дүйсенова еліміздегі жұмыссыздардың барлығына жұмыс тауып бермекші

Қазақстанда жұмыссыздар қалмауы мүмкін. Осылай деп айды аспанға бір-ақ шығарған денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі келер жылы 550 мың адамға жұмыс тауып бермек екен деп хабарлайды 31 арна.

Жаңа бағдарламаны таныстырған министр Тамара Дүйсенова ол үшін білімі жоқтарды алдымен жаппай оқытамыз дейді. Жұмыспен қамтылатындар қатарына жалақысы 60 мыңнан төмен, 15-тен 45 жас аралығындағы тұрғындар енбек. Ал министр ұлттық бірыңғай тестілеуден өте алмай қалған оқушылар тегін оқып, тіпті шәкіртақы алып отырады деп сендірді.

"Өткен жылдың соңында 16 мыңнан астам жұмыс беруші жария еткен вакансиялар бос қалды. Себебі, қажетті мамандар жоқ, ал жұмыссыздардың кәсібі басқа. Сондықтан жарты миллионға жуық адам, 84 пайызы ауыл тұрғындарын оқытамыз. Жас кәсіпкерлерге берілетін шағын несие артады", - дейді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ үкіметте жаңа агроөнеркәсіп бағдарламасын таныстырған ауыл шаруашылығы министрлігі астық алқабын 2,3 млн гектарға азайтамыз деді. Себебі жыл сайын 3 млн тонна бидай артығымен қалады екен. Мұны естіген Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин ашуға мінді. Жарты әлем аш отырғанда нанымыз артық деу ысырапшылдық дейді әкім.

Тағы да оқыңыздар:

"Хосписте" өткен бір күн: Айықпас дертке шалдыққандардың өмір үшін күресі (фото)

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында демалу қымбатқа түспек

Әйгілі «Дордойдың» шатыры құлап, екі отандасымыз зардап шекті

Нұрсұлтан Назарбаев "Түнгі студияда" бақыттың не екенін айтып берді (видео)

Діни басқарма Мұхамеджан Тазабековке қатысты пікірін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1333372-qazaqstanda-zhumyssyzdar-qalmauy-mum.html