RU

Алтынай Жорабаева ескі көлікпен жүрген інісі Талғатқа су жаңа көлік сыйға тартты (видео)

Танымал әнші өзінің өнерде жүрген інісі Талғат Жорабаевқа су жаңа көлік сыйға тартты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Талғат Жорабаев өзінің желідегі парақшасында хабарлады.

Інісін сылтау айтып, шақырып алған Алтынай оған үлкен тосынсый жасады. Су жаңа шетел маркалы көлігін сыйға тартқан Алтынай інісін қатты таңырқатып тастады.

Мұндай ерекше сыйды күтпеген Талғат басында тосылып қалғанымен, өзіне жасалып отырған сый үшін алғысын жаударды.

"Бұрын елдер машина сыйлай салады бір-біріне деп қызығушы едік. Қазір өзіміз де сол күнге жеттік. Мұндай алтын әпке менде ғана бар", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар:

"Хосписте" өткен бір күн: Айықпас дертке шалдыққандардың өмір үшін күресіне қолғабыс етушілер кім? (фото)

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында демалу қымбатқа түспек

Әйгілі «Дордойдың» шатыры құлап, екі отандасымыз зардап шекті

Нұрсұлтан Назарбаев "Түнгі студияда" бақыттың не екенін айтып берді (видео)

Діни басқарма Мұхамеджан Тазабековке қатысты пікірін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1333377-altynay-zhorabaeva-eski-kolikpen-zhurg.html