RU

Еліміздің ірі қалаларында баспана бағасы күрт төмендеп жатыр

Елде баспана бағасы төмендеп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кездесу барысында мәлім болды деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Мамандардың сөзінше, соңғы жарты жылда шаршы метрдің құны Астананың өзінде 1,5-2 пайызға төмендеген. Ал Алматыда бұл көрсеткіш 2,5 пайызға жетіпті. Өзге аймақтардағы көрсеткіш 1 пайыздан аспай тұр. Дегенмен, риэлторлар бұл елеусіз ғана көрсеткіш екінін, баспаналы болуға баршаның мүмкіндігі болмай тұрғанын мойындайды. Қазір нарықта сұраныстан гөрі ұсыныс артқан.

"Тұрғындардың баспана алып, қолма қол ақшасын беруге мүмкіндігі жоқ. Ал ипотекаға келсек, оның да жыры көп. Оның пайыздық өлшемдері бастан асады. Тіпті ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда, біздікі ең жоғарғысы. Мысалға, Ресейде ипотеканы 11 пайызға алуға болатын болса, біздің елде 15 пайызбен беретін банкті табудың өзі мұң", - дейді риэлторлық компания директоры Жани Тұрсынов.

Мамандардың пікірінше, 2017 жылы халықаралық ЭКСПО көрмесі кезінде баға көрсеткіші өзгеруі мүмкін. Баспанаға сұраныс артқандықтан, шаршы метр бағасы көтеріледі деген жорамал бар дейді.

Тағы да оқыңыздар:

"Хосписте" өткен бір күн: Айықпас дертке шалдыққандардың өмір үшін қалай күреседі? (фото)

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында демалу қымбатқа түспек

Әйгілі «Дордойдың» шатыры құлап, екі отандасымыз зардап шекті

Нұрсұлтан Назарбаев "Түнгі студияда" бақыттың не екенін айтып берді (видео)

Діни басқарма Мұхамеджан Тазабековке қатысты пікірін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1333392-elimizdinh-iri-qalalarynda-baspana-ba.html