RU

Тура той алдында жігіті тастап кеткен қалыңдық итіне тұрмысқа шыға салды (фото)

Аргентинада оғаш той өтті. Тура той алдында жігіті тастап кеткен Ромина Питтон есімді бойжеткен тойдың қайтсе де өтуін қалап, итіне тұрмысқа шыға салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

Сан-Лоренцо қаласында тойы өтуге бірнеше күн қалған бойжеткенді сүйіктісі тастап кеткен. Жігіт бұл әрекетін бойжеткенге сенбейтіндігімен түсіндірді. Айтуынша, Ромина оның көзіне шөп салған. Алайда сөзін дәлелдей алмаған азамат ақыры Роминаға үйленбеуді ұйғарады.

Ал тойына ерекше ынтамен дайындалған бойжеткен іс-шараны күйеу жігітсіз-ақ өткізуге бел буды.  Күйеу жігіттің рөлін тойда оның сүйікті ұрғашы иті сомдады. Осылайша оғаш тойының фотоларымен бөліскен ару желіде қызу талқыға түскен.

Желі қоллданушыларының бірі бойжеткеннің "таңдауы керемет" екенін айтып әзілдеп үлгерді.

Тағы да оқыңыздар:

"Хосписте" өткен бір күн: Айықпас дертке шалдыққандар өмір үшін қалай күреседі? (фото)

Мәйітханада екі рет тірілген шымкенттік қария медбикелерді шошытты

Діни басқарма Мұхамеджан Тазабековтің Бас мүфти болмайтынын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев "Түнгі студияда" бақыттың не екенін айтып берді (видео)

Қариямен жарысып билеген жас бойжеткен көпшіліктен сөз естіді

Ақтаулық бойжеткен дәрігерлердің кесірінен аяғынан айырылып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1333604-tura-toy-aldynda-zhigiti-tastap-ketken.html