RU

Гүлнәр Каримованың ұлы: Анам тірі, алайда Өзбекстанда оның "егізін" көрсетуде (видео)

флаги Узбекистана и Казахстана
Фото: UGC

Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың немересі, кіші Ислам Каримов BBC-дің өзбек қызметіне сұқбат берді.

Жазба 27 қараша күні түсірілген. Ал өзбек тіліне аударылған нұсқасы сейсенбі күні кешкісін BBC сайтында жария етілді деп хабарлайды «Фергана» агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Сұқбаттың басты тақырыбы - Исламның анасы Гүлнәр Каримованың хал-жағдайы мен оның қазір қайда екені жайында болды. Себебі соңғы күні "өзбек ханшайымына" қатысты қауесеттер интернетте желдей ескен.

Кіші Ислам Каримовтың айтуынша, өзінің қарындасы Иман Каримовамен 15 қараша күні хабарласқан. Иман аналары Гүлнәр Каримованың аман-есен екенін жеткізген. Содан бері Ислам анасының жағдайынан бейхабар.

Исламның айтуынша, Гүлнәр Каримова Ташкенттегі өз үйінде үйқамақта отыр. Ол Өзбекстан Қауіпсіздік кометитетінің толық бақылауында.

Алайда Ислам Өзбекстан билігі халыққа Гүлнәрдың үйқамақта отырмағанын көрсету үшін анасының "егізін" (Гүлнәр Каримовадан айнымайтын адам) тауып оны қала ішімен алып жүруде.

Гүлнәр Каримова неліктен үйқамақта отыр деген сауалға Ислам бұны "саяси мәселе" деп түсіндірді. Оның айтуынша, анасына ешбір қол қойылмаған қағаздарды көрсетіп, оның үйқамаққа алынатынын айтқан. Тіпті, Гүлнәр Каримоваға қатысты ешбір сот болмаған. Ал оның көптеген достары мен әріптестерін адвокатсыз-ақ соттаған.

Гүлнәр Каримованың 18 жастағы қызы Иман қазір Ташкенттегі басқа резиденцияда тұрады. Оның анасымен айына тек бір-ақ рет қана көрісіп, сөйлесуіне мүмкіндігі бар.

Ал Гүлнәр Каримова жайлы әртүрлі қауесеттерді интернетте кім таратып жатыр деген саулаға Ислам желіде анасының немесе туыстарының атынан ашылған түрлі аккаунттар жалған, сондықтан оларға сенуге болмайды деп жауап берді.

Айта кетейік, БАҚ-та Гүлнәр Каримованың уланып қаза болғаны жайлы ақпарат тарап кеткен болатын. Алайда оның ұлы анасының өлімін жоққа шығарып, ақпараттың жалған екенін мәлімдеп, өздеріне қастандық жасалғанын айтқан.

Тағы да оқыңыздар:

Мәйітханада екі рет тірілген шымкенттік қария медбикелерді шошытты

Он төрт жасында от басып, сәбилі болған қыздың тағдыры

"Хосписте" өткен бір күн: Айықпас дертке шалдыққандар өмір үшін қалай күреседі? (фото)

Нұрсұлтан Назарбаев "Түнгі студияда" бақыттың не екенін айтып берді (видео)

Тура той алдында жігіті тастап кеткен қалыңдық итіне тұрмысқа шыға салды (фото)

Бет сүйегі қисық болып туылған бойжеткен өзін Жаратқанның шедеврі санайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1334053-gulnar-karimovanynh-uly-anam-tiri-alay.html