RU

Қазақстанда қыстың алғашқы күні ауа райы қандай болмақ?

"Қазгидромет" 2016 жылдың 1-3 желтоқсанына арналған ауа райы болжамын ұсынады деп хабарлайды NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағында күрделі метеорологиялық жағдай күтілуде. Алдағы үш тәулікте ауа-райын алдымен суық атмосфералық фронт, содан кейін оңтүстік циклон анықтайтын болады.

Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, күшті батыс желі соғады. Еліміздің батысы мен орталығына, сондай-ақ кей жерлерге қар жауады, бірақ күндізгі температура минус 3 - плюс 3ºС болып, бұл жерлерде көктайғақ та күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігінде 2-желтоқсанда күндіз, 3-желтоқсанда оңтүстік-шығысында температура плюс 2…плюс 10ºС дейін көтеріліп, жауын-шашын түседі, басымырақ жаңбыр жауып, аяғы сулы қарға ұласады, сондай-ақ екпінді оңтүстік-батыс желі де күтілуде.

Сондықтан синоптиктер жолдарда, әсіресе қала сыртында өте абай болуға шақырады.

Тағы да оқыңыздар:

Мәйітханада екі рет тірілген шымкенттік қария медбикелерді шошытты

Он төрт жасында от басып, сәбилі болған қыздың тағдыры

"Хосписте" өткен бір күн: Айықпас дертке шалдыққандар өмір үшін қалай күреседі? (фото)

Нұрсұлтан Назарбаев "Түнгі студияда" бақыттың не екенін айтып берді (видео)

Тура той алдында жігіті тастап кеткен қалыңдық итіне тұрмысқа шыға салды (фото)

Бет сүйегі қисық болып туылған бойжеткен өзін Жаратқанның шедеврі санайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1334068-qazaqstanda-qystynh-alghashqy-kuni-aua-r.html