RU

"Байтерек Development" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды

"Байтерек Development" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Бақыт Жақсыбаев тұтқындалды деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

"Байтерек Development" АҚ-ның қызметтік тұлғаларының аса ірі көлемде пара алу фактісіне қатысты тергеу барысында қылмыстық жүйені ұйымдастырушылардың бірі - "Байтерек Development" АҚ-ның бұрынғы басқарма басшысы, қазіргі кезде Ұлттық экономика министрлігінің "Қазақстандық ТКШ модернизациялау және дамыту орталғы"АҚ төрағасы Бақыт Жақсыбаев тұтқындалды.

Жақсыбаев қылмысқа қатысқандардың барлығын басқарған. Олардың рөлдерін белгілеп, алған параларды үлестіріп отырған.

2016 жылдың 30 қарашасында №2 Алматы аудандық соты оған қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім шығарды.

Еске сала кетсек, 17 қарашада «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар қаражатты жымқырды деген айыппен «Бәйтерек» холдингінің 3 лауазымды менеджері ұсталған болатын. Олардың қатарында мәжілістің бұрынғы спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы да бар.

Тағы оқыңыздар:

Гүлнәр Каримованың ұлы: Анам тірі, алайда Өзбекстанда оның "егізін" көрсетуде (видео)

Қарағандыда туған әкесін қорлап, буындырғысы келген азаматтың әрекеті шошытты

Мұсылмандарға қарсы шыққан Трампты мұсылман қызы таңғалдырмақшы

Түркияда 11 оқушы оқытушысымен қоса тірідей жанып кетті

Қазақстанда қыстың алғашқы күні ауа райы қандай болмақ?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1334209-bayterek-development-aq-nynh-burynghy-basqarma.html