RU

Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адам туралы ақпарат берген адамға 1 млн теңге сыйақы берілмек (фото)

Маңғыстауда із-түзсіз жоғалып кеткен Қайыржан Қызылғұловты жақындары екінші апта іздестіруде. Ер адамды табуға көмектескен жанға оның туыстары 1 миллион теңге сыйақы беретінін айтып отыр. Бұл туралы жоғалған азаматтың әпкесі Сара Қызылғұлова Lada.kz порталына берген сұқбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Әзірге бізде ешқандай мәлімет жоқ. Маңайдан іздеуге бізге сарбаздар көмектесіп жатыр. Алайда біз қайырымды жандардан көмек сұрағымыз келеді. Бізге Қайыржанды даладан іздеуге еріктілердің көмегі қажет. Біздің ауыл үлкен емес, алайда территориясы ауқымды. Еріктілердің ас-суын өзіміз көтереміз", - дейді Сара Қызылғұлова.

Туыстары Қайыржан Қызылғұловтың қайда екенін айтқан адамға 1 миллион теңге сыйақы беруге дайын. Ал ақпаратты берген адам туралы тіс жармауға уәде беріп отыр.

Ұшты-күйлі жоғалып кеткен Қайыржан Қызылғұловтың туыстары оған қатысты қандай да бір ақпарат болса мына байланыс нөмерлеріне хабарласуын сұрайды: 8 702 489 99 77 (Сара).

Еске сала кетсек, Қайыржан Қызылғұлов 19 қараша күні Түпқараған ауданындағы Аташ ауылында орналасқан жұмыс орнына кетіп, содан қайта оралмаған.

Тағы оқыңыздар:

Гүлнәр Каримованың ұлы: Анам тірі, алайда Өзбекстанда оның "егізін" көрсетуде (видео)

Қарағандыда туған әкесін қорлап, буындырғысы келген азаматтың әрекеті шошытты

Мұсылмандарға қарсы шыққан Трампты мұсылман қызы таңғалдырмақшы

Түркияда 11 оқушы оқытушысымен қоса тірідей жанып кетті

Қазақстанда қыстың алғашқы күні ауа райы қандай болмақ?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1334241-manhghystauda-zhoghalyp-ketken-er-adam-tu.html