Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Kazsport» телеарнасында жаңа комментаторлар

Опубликовано:

2016 жылдың 19-20 қараша күндері Астанада өткен кастинг қорытындысы бойынша «Kazsport» телеарнасы төрт комментаторды жұмысқа қабылдады.

Кастингке қатысуға ниет білдіргендер арасынан сексен үш үміткер іріктелінді. Олардың арасынан он үміткер 25 қараша күні ұйымдастырылған екінші кезеңге өткізілді. Екінші кезеңнен сүрінбей өткен бес адам Көркемдік Кеңестің қарауына жіберілген болатын.

Үміткерлердің дауысы жазылған материалдармен танысқан Кеңес мүшелері бес адамның арасынан төртеуін комментаторлық жұмысқа алу туралы шешім қабылдады.

«Kazsport» телеарнасының комментаторлығына қабылданған азаматтар тізімі:

- Максим Шиманский – Астана қаласының тұрғыны, футбол және басқа да командалық спорт түрлерінің комментаторы;

- Дархан Жүсіпов – Астана қаласының тұрғыны, хоккей және басқа да командалық спорт түрлерінің комментаторы;

- Дидар Қадыров – Ақмола облысының тұрғыны, футбол және басқа да командалық спорт түрлерінің комментаторы;

- Ерсін Ерік – Астана қаласының тұрғыны, футбол комментаторы.

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымы Астана қаласындағы кастингке қатысқан барлық үміткерге алғысын білдіреді. Сондай-ақ, бұл жолғы іріктеуден өтпей қалған үміткерлер алдағы уақытта өтетін кезекті кастингте үздік шығатынына сенім білдіреді. Астана қаласындағы келесі кастинг 2017 жылдың ақпан айына жоспарлануда.

2016 жылдың соңғы кастингі желтоқсан айының ортасында Алматы қаласында жоспарлануда. Іріктеу туралы нақты ақпарат желтоқсан айының басында хабарланады.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1334294-kazsport-telearnasynda-zhanha-kommentatorl/

pixel