RU

Екі әйелді зорлаған танымал футболшы 20 жылға сотталып кетті

Ұлттық футбол лигасының (америкалық футбол) 2010 жылғы чемпионы Даррен Шарпер екі әйелді зорлағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы шетелдік басылымыға сілтеме жасап Prosports.kz хабарлады.

Жапа шеккендер экс-футболшының ұйықтатын дәрі беріп, кейіннен зорлағанын мәлімдеген. Дәл осындай мәлімдемемен тағы бірнеше әйел куәлік берген. Бұл істе жалпы саны онға жуық арызданушы болған.

Сотталушы 2013 жылдан бері қамауда болған. Ол кінәсін толықтай мойындады.

Шарпер ҰФЛ-дың жұлдызды матчтарына бірнеше рет қатысқан. Ол екі мәрте ҰФЛ-дың құрамасына алынған. Сонымен қатар, ол онжылдықтың (2000-09) құрамына іліккен болатын.

Тағы оқыңыздар:

"Байтерек Development" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды

Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адам туралы ақпарат берген адамға 1 млн теңге сыйақы берілмек (фото)

Экс-премьер Серік Ахметовке рақымшылық жасалуы мүмкін

Роналду ұшақ апатынан қаза болған футболшылардың отбасынан ақшасын аямады

Бразиялық қақпашы 76 адам қаза тапқан ұшаққа отырмай қалай ажалдан аман қалды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1334344-eki-ayeldi-zorlaghan-tanymal-futbolshy-20.html