RU

Мұхамедиұлы: Илья Ильин бастаған спортшыларды қатты уайымдап жүрмін

 Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы допинг қолданды деп жүлделерінен айырылған Илья Ильин бастаған олимпиада чемпиондарының жағдайын қатты уайымдап жүргенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Осының алдында Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков допинг қолданғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынған болатын.

Вице-министр: «парламентте дене шынықтыруға қатысты заңға өзгеріс енгізгіміз келеді. Допинг қолданудың жазасын қылмыстық жауапкершілікпен байланыстыруды жоспарлап отырмыз. Яғни спортшыға, бапкерге, дәрігерге, осы препараттарды жеткізген адамдарға жаза қарастырылады», - деген еді.

Парламент Мәжілісінің пленарлы отырысынан кейін журналистер осы заң жобасына қатысты Мәдениет және спорт министріне сауал тастаған еді.

«Келесі жылы біз допинг қолданғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты заң енгізгіміз келеді. Не үшін? Қазір кінәлі тек спортшылар болып отыр. Ал сол кезде спортты басқарған азаматтар қайда? Неліктен дәрігерлер жауапкершілікті өз мойнына алмайды?», – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр спортшылар үшін қатты уайымдап жүргенін айтады.

«Мен қазір өзіміздің спортшыларды ойлап, қатты уайымдап жүрмін. Оның ішінде Илья Ильин және допинг дауына іліккен өзге де ауыр атлеттер бар», – дейді ведомство басшысы.

Тағы оқыңыздар:

Күйеуінен әбден қорлық көрген келіншекті ата-анасы қолындағы ауру сәбиімен үйіне кіргізбей қойған

Қайырымды жастар екі бүйрегі істен шыққан 11 жасар қызға 12 млн теңге жинап берді (фото)

Қазақ жігітін сүйіп қалған өзбек қызы күн сайын сүйіктісі үшін шекарадан өтіп жүр (фото)

Туфлиінің тақасына 180 мың еуро жасырған әйел полициядан айласын асыра алмай қалды

Екі әйелді зорлаған танымал футболшы 20 жылға сотталып кетті

Ресейге қарсы санкциясын үдеткен Батыс елдері Қырғыз премьеріне жақпай қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1334397-mukhamediuly-dopingpen-ustalghan-spor.html