RU

Рамзан Қадыров дерттің дауасы қасиетті Құранда екенін мойындады

Құран оқу – көптеген дерттің дауасы. Шешенстан президенті Рамзан Қадыров осындай пікір білдірді деп хабарлайды ummet.kz.

Оның айтуынша, қасиетті Құран Кәрім денсаулықты сақтауда үлкен рөл атқарады.

«Мен, мәселен, өзімді Құранмен емдеймін. Саусағым ауырса да дұға жасаймын», - дейді Шешенстан басшысы.

Сонымен қатар, ол дәстүрлі медицинаның да маңыздылығын әрі оны дамытудың қажеттілігін атап өтті.

«Біз республикамызда медицина саласын дамытуға ден қойдық. Соңғы екі айда Шешенстанда соңғы технологиялық құралдармен жабдықталған үш денсаулық сақтау мекемесі ашылды. Жыл басынан бері елімізге әлемнің жүздеген үздік, білімді дәрігерлері келді. Алайда, Алла Тағаланың құдыреті, аяттары бәрінен үстем», - деді Қадыров.

Тағы оқыңыздар:

Күйеуінен әбден қорлық көрген келіншекті ата-анасы қолындағы ауру сәбиімен үйіне кіргізбей қойған

Қайырымды жастар екі бүйрегі істен шыққан 11 жасар қызға 12 млн теңге жинап берді (фото)

Қазақ жігітін сүйіп қалған өзбек қызы күн сайын сүйіктісі үшін шекарадан өтіп жүр (фото)

Туфлиінің тақасына 180 мың еуро жасырған әйел полициядан айласын асыра алмай қалды

Екі әйелді зорлаған танымал футболшы 20 жылға сотталып кетті

Ресейге қарсы санкциясын үдеткен Батыс елдері Қырғыз премьеріне жақпай қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1334422-ramzan-qadyrov-quran-oqyp-emdeletini.html