RU

Шенеунік 60 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталып қалды

Ақмола гарнизоны әскери сотында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген айып бойынша Көкшетау қаласының Қорғаныс істер басқарма басшысы Қуанышбек Қамалиеке қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Сотпен сотталушы Қамалиев жеке пайдакүнемдік қызығушылығы ниетімен мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды тұлға бола тұра қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, 60 000 теңге көлемінде ақшалай пара алған.

"Ақмола облысы гарнизонының әскери соты сотталушы Қамалиевті, Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған өмір бойына билік өкілі қызметін атқарушы қызметтерде жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 3 342 032 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған. Сотталушы "подполковник" әскери шенінен айырылған", — делінген хабарламада.

Сотталушының өз кінәсін мойындауы мен жасаған әрекеттеріне өкінуін ескеріп, оған айыппұл ретіндегі жазаны қолданды.

Тағы оқыңыздар:

Күйеуінен әбден қорлық көрген келіншекті ата-анасы қолындағы ауру сәбиімен үйіне кіргізбей қойған

Қайырымды жастар екі бүйрегі істен шыққан 11 жасар қызға 12 млн теңге жинап берді (фото)

Қазақ жігітін сүйіп қалған өзбек қызы күн сайын сүйіктісі үшін шекарадан өтіп жүр (фото)

Туфлиінің тақасына 180 мың еуро жасырған әйел полициядан айласын асыра алмай қалды

Екі әйелді зорлаған танымал футболшы 20 жылға сотталып кетті

Ресейге қарсы санкциясын үдеткен Батыс елдері Қырғыз премьеріне жақпай қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1334453-60-mynh-tenhge-para-alghan-sheneunik-endi.html