RU

Балаларын сабайтын ата-аналарды енді мұғалімдер сотқа беруі мүмкін

Ақтөбелік полиция инспекторы отбасылық жанжал кезінде көлеңкеде қалып жатқан проблеманы көтерді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Тұрмыстағы жанжалдан тіркеліп жатқан ауыр қылмыстар көп, адам өлімдері бар. Әйелдердің отбасылық жанжал кезіндегі таяқ жегені айтылып жүр. Ал, балалардың ата-анадан көретін қысымы көлеңкеде қалып жатыр. Кішкентай балалардың арасында өзінің әке-шешесінен таяқ жеп отырғандар бар. Дене мүшелері сынып, жарақат алып ауруханаға түскендер болды. Мұндайды өгей әке-шеше де, туған балаларына жасайтын ата-аналар да бар. Ең қиыны мұндай жағдайда ата-аналар жауаптан құтылып кетіп жатады. Арыз жазушы ата-ананың өзі болғандықтан, олар күйеулерінің үстінен жазылған арызды кейін қайтып алады. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға көрсетілетін қысым көп. Сондықтан біз жұмысты мектептен жасауымыз керек», - дейді Ақтөбе облыстық ІІД-нің инспекторы Марина Нұрымжанова.

Полиция инспекторы балаларын ұратын әке –шешелерді мектеп мұғалімдері арқылы сотқа беруді ұсынды.

«Әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, мұғалімдер баланың денесіне түскен жарақатқа бей-жай қарамау керек. Көбіне отбасылық қысымды бастауыш класс оқушылары көреді. Баланың бойындағы жарақатты немесе оның көңілсіз жүргенін көрсе де оқытушылар шара қолданбай жатады. Мектеп мұғалімдері баланың үйде қысым көретінін білсе, олар бірден құжат жинау керек. Баланы мектептегі дәрігерге қаратып, психологқа көрсету керек. Осы жиналған құжатпен мектеп баланың ата-анасын сотқа бере алады. Әйтпесе, бізге түскен шағымдардың бәрін «шара қолданбауыңызды сұраймын» деп әйелі не жолдасы қайтып алады. Баласы үнемі таяқ жеп жүрген ата-аналар жауапсыз қалып жатыр. Мұндай отбасында тәрбиеленген бала да ертең көргенін жасайды. Сондықтан біз алдын алуымыз керек. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс, өшпенділік осындай жағдайлардан пайда болады», - дейді Марина Нұрымжанова.

Тағы оқыңыздар:

Күйеуінен әбден қорлық көрген келіншекті ата-анасы қолындағы ауру сәбиімен үйіне кіргізбей қойған

Қайырымды жастар екі бүйрегі істен шыққан 11 жасар қызға 12 млн теңге жинап берді (фото)

Қазақ жігітін сүйіп қалған өзбек қызы күн сайын сүйіктісі үшін шекарадан өтіп жүр (фото)

Туфлиінің тақасына 180 мың еуро жасырған әйел полициядан айласын асыра алмай қалды

Екі әйелді зорлаған танымал футболшы 20 жылға сотталып кетті

Ресейге қарсы санкциясын үдеткен Батыс елдері Қырғыз премьеріне жақпай қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1334463-balalaryn-sabaytyn-ata-analardy-endi.html