Выйти
RU

Андре Уорд: Головкин менімен кездесуден қашып жүр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін америкалық боксшы Андре Уорд қазақстандық Геннадий Головкин жайлы өз пікірін айтты.

Бұл туралы Prosportkz.kz хабарлайды.

"Ковалевпен жұдырықтаспай тұрып, Головкинмен кездесуім керек еді. Геннадийдің командасымен ұзақ келіссөздер жүргіздік. Бірақ келісімге келе алмадық. Бұған кінәлі «Трипл Джи» деп айтқым келмейді. Алайда бокс жанкүйерлері шындықты білу қажет. Біз Головкинге табысты 50-ге 50 бөлейік дедік. Алдымен, екеуіміз бір-бір кездесуден өткізіп, содан соң Головкин-Уорд жекпе-жегін ұйымдастырайық деп ұсыныс тастадық. Бұл 2016-шы жылдың басында болды. Бірақ Генаның командасы: «Біз орта салмақта абсолютті чемпион болғымыз келеді. Бәлкім 2018-ші жылы» деген әңгімелер айта бастады. Содан соң мен бірден жартылай ауыр салмақ дәрежесіне ауысып, Ковалевпен жекпе-жек өткізуді жөн көрдім. Қазіргі таңда, Головкинге қарсы жекпе-жек мүмкін емес. Себебі, ол - орта салмақта, ал мен жартылай ауыр салмақта өнер көрсетемін. Бірақ ол салмақ қосып, менімен жұдырықтасқысы келсе, қуана-қуана келісемін», - деді Уорд TMZ Sports арнасына.

Тағы оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетов Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды

Нұрсұлтан Назарбаевтың еш жерде жарияланбаған ерекше суреттері (фото)

Назарбаев Дональд Трамппен не туралы сөйлесті?

Экс-премьер Серік Ахметовке рақымшылық жасалуы мүмкін

Қазақ жігітін сүйіп қалған өзбек қызы күн сайын сүйіктісі үшін шекарадан өтіп жүр (фото)

 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Андре Уорд: Головкин менімен кездесуден қашып жүр