Выйти
RU

Назарбаев бүгінгінің әжелері туралы қалжың айтып, жастарды күлкіге қарық қылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астанада елбасының қатысуымен өтіп жатқан Республикалық жастары форумында Нұрсұлтан Назарбаев жастар мен әжелерге қатысты қалжың айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Сендердің араларыңда қазірдің өзінде ақылы мен білімі Отанымызға зор пайда әкеліп жатқан балалар аз емес. Маған «қазіргі жастар бұрынғыдай емес» деген кезде: «әжелер де бұрынғыдай емес қой, шұлық тоқымайды, бәліш пісірмейді», деп айтамын. Алайда, интернетті жақсы біледі. Әрине, бұл қалжың. Бірақ, іс жүзінде солай болып отыр», - деді Назарбаев.

Президент бүгінгі жастар қазіргі заманға, заманауи өмірге сай келетіндігін атап өтті.

«Уақыт өте жылдам өтеді. Біз өте жылдам өзгереміз. Есіме ұлы Рим императоры Аврелияның мына бір сөзі түсіп отыр. Ол: «10 мың жыл өмірің бардай өмір сүрме. Өмір қысқа, тірі кезіңде, мүмкіншілігің барда жақсы болуға тырыс», дейді. Жақсы сөз», - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Айта кетейік, Форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт салаларының 1000-нан астас белсенді жастары қатысуда. Елбасы жастарды бүгінгі мерекемен құттықтады.

Тағы оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетов Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды

Нұрсұлтан Назарбаевтың еш жерде жарияланбаған ерекше суреттері (фото)

Назарбаев Дональд Трамппен не туралы сөйлесті?

Экс-премьер Серік Ахметовке рақымшылық жасалуы мүмкін

Қазақ жігітін сүйіп қалған өзбек қызы күн сайын сүйіктісі үшін шекарадан өтіп жүр (фото)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев бүгінгінің әжелері туралы қалжың айтып, жастарды күлкіге қарық қылды