Выйти
RU

Колумбияда құлаған ұшақ пилотының соңғы сөздері жария етілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Колумбия ақпарат құралдары 29 қараша күні апатқа ұшыраған ұшақ пилоты мен диспетчерлердің арасындағы әңгіменің соңғы минуттарын жариялады.

Бұл туралы Егемен Қазақстан хабарлайды.

Байланыс жоғалар алдында пилот ұшақтың электрдің мүлдем өшіп қалғанын және жанармайдың таусылғанын айтады.

Британдық Mirror басылымының хабарлауы бойынша, құлардың алдында ұшақ пилоты Микель Кирога электрониканың мүлдем өшіп қалғанын айтып, ұшақты басқаруға көмектесуді сұраған.

Диспетчермен байланыс жоғалар алдындағы пилоттың соңғы сөздері мынандай болған: «GPS істеп тұрған жоқ, не болғанын білмеймін. Электрониканың бәрі істен шықты, электрониканың бәрі істен шықты! Қону координаттарын беріңіздер! Құлап бара жатырмыз. Көмектесіңдер. Координаттарды беріңіздер! 1000 фут биіктеміз!»

Ішінде Бразилияның «Шапекоэнсе» футбол командасы бар 72 жолаушы мінген ұшақ Колумбияның Мидельин әуежайы маңында құлаған болатын. Апаттан 6 адам аман қалды, оның біреуі команданың резервтегі қақпашысы.

Тағы оқыңыздар:

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева халық алдына шықты (фото)

Айсұлтан Назарбаев биліктегі жағымпаздарды қатаң сынға алды

Әлемдік байқауда жартылай жалаңаш денесін көрсеткен қазақ қызы кім? (фото)

Хиджаб киіп, темекі шеккен қыздар көпшіліктің ашуын келтірді

ОҚО-да сегіз жасар бүлдіршіндер облыс әкіміне ертегі оқып берді (видео)

Иманғали Тасмағамбетов Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Колумбияда құлаған ұшақ пилотының соңғы сөздері жария етілді