Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердібек Сапарбаевтың қызметіне тәнті болғандар әкімге жүрек сыйлады (фото)

Опубликовано:

Президент күні мерекесінде Ақтөбе облысында бірнеше жаңа нысан ашылды. Мемлекеттік бағдарлама арқылы 25 отбасы жалға берілетін тұрғын үйден баспаналы болды. Пəтер кілтін облыс əкімі табыс етіп, жаңа қоныстарымен құттықтады.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Əкім мереке күні қалалық мүгедектерді қолдау орталығының мүшелерін құттықтап, мүгедектерді тасуға арналған көлік сыйлады.

"Мекемелеріңізге "Өмір. Тағдыр. Шешім"деген жақсы сөз жазып қойыпсыздар. Адам қолынан келетін іспен еңбек ету керек. Тағдырды жеңе білгенде ғана жақсылыққа жетеміз. Біз бəрі жақсы, бəрін қатырып жатырмыз деп айта алмаймыз. Бірақ, мүмкіндігінше сіздерге қолдау көрсетеміз. Мемлекет басшысының саясатын сіздер жақсы білесіздер. Бізде 20 мыңнан аса мүгедек бар", - деді Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев.

Қаладағы сал ауруларын қолдау орталығының басшысы Құралай Байменова 10 жыл бұрынғы Бердібек Сапарбаевтың Ақтөбеге іссапарынан түсірілген суреттерді көрсетті. Облыс басшысы мүгедектер үшін арнайы салынған 40 пəтерлі тұрғын үйді аралап шықты.

Əкімнің акциясын жалғастырған ақтөбелік кəсіпкер мүгедек балаға компьютер тарту етті.

"Халықтың берген бағасы жоғары баға. Алла сізге қуат берсін! Мен ана ретінде мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіп жатқан көмектеріңізге алғыс айтамыз. Елбасының қасында сіз сияқты адамдар көп болу керек. Біз сіздердің көмектеріңіз арқылы Тəуелсіздікті сезініп отырмыз. Өзіне көрсетіліп жатқан көмекті сезінген балам қоғамдық жұмыстарға белсене араласады", - дейді ата-ана.

"Бізде қолөнер бұйымдарын тігетін адамдар бар. Сізге солардың қолынан шыққан жүрек сыйлаймыз. Жүректен артық не беруге болады?! Халықтың тілегін орындаушы еліміздің жүрегі болыңыз", -деді Құралай Бəйменова.

Тағы оқыңыздар:

Айсұлтан Назарбаев биліктегі жағымпаздарды қатаң сынға алды

Әлемдік байқауда жартылай жалаңаш денесін көрсеткен қазақ қызы кім? (фото)

Хиджаб киіп, темекі шеккен қыздар көпшіліктің ашуын келтірді

ОҚО-да сегіз жасар бүлдіршіндер облыс әкіміне ертегі оқып берді (видео)

Иманғали Тасмағамбетов Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1335050-berdibek-saparbaevtynh-qyzmetine-tan/

pixel