Выйти
RU

Қазақстан құрамасы моңғолдарды жеңіп, "Еуразия барысы" атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін «Алматы Арена» стадионында тұңғыш президент күні мерекесіне орай өткен«Еуразия барысы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы чемпион атанды.

Ақтық сында ел командасы моңғолиялықтармен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті деп жазады egemen.kz.

Сайысқа 8 елден барлығы 130 спортшы қатысты. Жерлестеріміз алғашқы белдесуде Польша балуандарын 7:0 есебімен ойсыра ұтқан болса, жартылай финалда грузиялықтардан 6:2 есебімен басым түсті.

Ал Моңғолия командасы бірінші кезекте тәжіктерді 4:3 есебімен ұтып, жартылай финалда Украинаны 6:2 есебімен қапы қалдырды.

Турнир жеңімпазына 10 миллион теңге, екінші орынға 6 миллион теңге, ал үшінші орын алған Грузия балуандарына 4 миллион теңге табысталды.

Айта кетейік, бұл бәсекеде 55 келіде – Марат Нығыматұллаев, 60 келіде – Ержан Мағауинов, 66 келіде – Бақдәулет Сәбитов, 74 келіде – Aйдос Ғалымов, 82 келіде – Дәулет Пахриддинов, 90 келіде – Айбол Айтбек, 100 келіде – Мұхит Тұрсынов, + 100 келіде – Айбек Нұғымаров ел намысын қорғады.

Тағы оқыңыздар:

Айсұлтан Назарбаев биліктегі жағымпаздарды қатаң сынға алды

Әлемдік байқауда жартылай жалаңаш денесін көрсеткен қазақ қызы кім? (фото)

Хиджаб киіп, темекі шеккен қыздар көпшіліктің ашуын келтірді

ОҚО-да сегіз жасар бүлдіршіндер облыс әкіміне ертегі оқып берді (видео)

Иманғали Тасмағамбетов Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды

 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан құрамасы моңғолдарды жеңіп, "Еуразия барысы" атанды