Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасиетті Қағбаны жабындысыз көрген мұсылмандар таңырқап қалды

Опубликовано:

Мекке шаһарындағы қасиетті Қағбаның қара түсті матамен көмкеріліп тұратынын барлығы жақсы білетін болар. Дегенмен, сол жабынды матаны (кисуа) жылына бір рет Зулхиджа айының 9-10 күндерінде ауыстыратыны жайлы ақпаратты көбінің біле бермесі анық деп жазады Muslim.kz.

Қасиетті Құран Кәрімде «жер бетіндегі алғашқы үй» деп ұлықталған Қағбаны жабулап қою үрдісі Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманына дейін де болған. Ал, Әз Елшінің заманында кисуа Иемен елінде дайындалған. Кейіннен Омар (р.а.) халифалығы тұсында кисуа Мысыр жерінде әзірленіп отырған.

Сондай-ақ, ауыстыру уақыты да әртүрлі болған. Мысалы, әл-Мамун халифа кезінде Қағба жабындысы жылына үш рет жаңартылса, әл-Мутаваккиль тұсында әр екі ай сайын ауыстырып отырған.

Жабынды матаның ұзындығы – 41 метр. Қара түсті қатты матадан тігілетін жабынды жалпы сегіз бөліктен құралады. Мата бетіне алтын жіптермен «Әли Имран» сүресінің «Негізінен, адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй –(Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол» аяты жазылған. Және де қасиетті Құранның жеті сүресі жазылған.

Төмендегі видеода кисуа ауыстыру рәсімі кезінде байқаусызда Қағбаның жалаңаштанып қалған сәті көрсетіледі. Бұл оқиға 2015-жылы орын алған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Байқоңырдан ғарыш жүк кемесін тиеп ұшқан зымыран апатқа ұшырады (видео)

Назарбаев: Бақытты болу үшін президент атану шарт емес

Путин мен Назарбаев қырғыз басшысынан биліктен кетпеуін сұраған

Атыраулық жігіт сүйіктісін ренжіткен колледж оқушысын пышақтап тастады

Қазақстан құрамасы моңғолдарды жеңіп, "Еуразия барысы" атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1335392-qaghba-zhabyndysyz-korgen-musylmandar/

pixel