RU

Сәтбаев қаласында пәтер өртеніп, екі мүгедек бала тірідей жанып кетті

Сәтбаев қаласында пәтер өртеніп, екі мүгедек бала тірідей жанып кетті. Оларға қол ұшын бере алмай, түтінге тұншыққан дімкес анасын құтқарушылар апат орнынан шығарып алған деп хабарлайды КТК арнасы.

Алайда үйдің 4-ші қабатта орналасқан пәтердегі өртті сөндірдік деп жөндеріне кеткеннен кейін, тілсіз жау 5-ші қабаттағы пәтерлерге ауысыпты. Салдарынан жоғарғы қабаттағы 3 пәтер отқа оранған.

Бірінші өрттен кейін сол маңда жүрген полицейлер тұрғындарды тегіс далаға шығарыпты. Жұрт тіпті киім-кешектері мен құжаттарын алып үлгермеген екен.

Ашынған тұрғындар енді өртті шала сөндіргендердің жайбасарлығына күйініп отыр.

Тағы оқыңыздар:

Байқоңырдан ғарыш жүк кемесін тиеп ұшқан зымыран апатқа ұшырады (видео)

Назарбаев: Бақытты болу үшін президент атану шарт емес

Путин мен Назарбаев қырғыз басшысынан биліктен кетпеуін сұраған

Атыраулық жігіт сүйіктісін ренжіткен колледж оқушысын пышақтап тастады

Қазақстан құрамасы моңғолдарды жеңіп, "Еуразия барысы" атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1335436-satbaev-qalasynda-pater-ortenip-eki-m.html