RU

Гүлнәр Каримоваға тиесілі 850 млн доллар өзбек халқына таратылуы мүмкін

Өзбекстандағы "Солнечный Узбекистан" коалициясының негізін қалаушы оппозиционер Санжар Умаров америкалық БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, Гүлнәр Каримоваға тиесілі 850 миллион доларды өзбек билігіне қайтармау мәселесін көтерді.

Осынау миллиондаған қаражатты биыл жыл басында АҚШ-тың Әділет министрі бұғаттап тастаған болатын деп жазады centralasian.org- ке сілтеме жасап Skifnews.kz порталы.

Оппозиционер бұл ақшаны өзбек халқына таратып беру керек деген пікірде.

Оның айтуынша, егер Өзбекстан билігі қаражаттың халықтың қолына тиетініне кепілдік берсе, 850 миллионның барлығы кері қайтарылуы расымен де мүмкін.

"Бұл ақша жемқорлықтан зардап шеккендерге таратылып берілуі керек. Ал, жемқорлықтан өзбек халқының бәрі зардап шеккен. Сондықтан, анайы қор құрып, сол қор арқылы Каримоваға тиесілі қаражатты елге таратып беруіміз керек", - дейді Умаров.

Оның пікірінше, ақшаны ресми Ташкентке қайтару өте қауіпті. Өйткені, елді билеп отырғандар оны өздеріне "сіңдіріп" жіберуі әбден мүмкін.

Қазіргі таңда өзбекстандық саяси мигранттар Change.org сайтында петиция жариялап, АҚШ пен Еуропа елдерінің басшыларынан Өзбекстан билігіне Каримовтардың ақшасын қайтармауды сұрап отыр.

Тағы оқыңыздар:

Байқоңырдан ғарыш жүк кемесін тиеп ұшқан зымыран апатқа ұшырады (видео)

Назарбаев: Бақытты болу үшін президент атану шарт емес

Путин мен Назарбаев қырғыз басшысынан биліктен кетпеуін сұраған

Атыраулық жігіт сүйіктісін ренжіткен колледж оқушысын пышақтап тастады

Қазақстан құрамасы моңғолдарды жеңіп, "Еуразия барысы" атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1335455-gulnar-karimovagha-tiesili-850-mln-dollar.html