RU

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Бүгінде Астана қаласында тұратын Сырым өмірінің біраз бөлігін құлдықта өткізген. Бойы 150 см-ден аспайтын жас жігіт отбасын құрып, ең жақын адамдарының сатқындығын ұмытқысы келеді.

Сырым бөтен адамдармен тілдесуден қорқып қалған. Тек қана жақын достарына ғана жан сырын ақтарыпты. Олардың бірі оның әңгімесін NUR.KZ порталына айтып берді. Ары қарай Сырымның өз атынан баяндауы.

«Балалық шағым Қарағанды облысы Ұлытау ауылының маңындағы шағын ауылда өтті. Онда мен анаммен, ініммен және өгей әкеммен бірге тұрдым. Өгей әкеміз бізге тегін жұмысшылар ретінде қарап, кішкентай кезімізден бастап елдің қойларын бақтық. Сөйтіп жүрсек те, үнемі аш жүретінбіз. Ата-анамыз өзіміз тапқан ақшаға көрші ауылдан барып бидай сатып әкеп, одан нан пісіретін.

Өгей әкеміз арақ ішетін, кейде ұрып-соғып, тіпті қыс болса да, далаға қуып жіберетін. Ініміз екеумізде ойыншық деген атымен болмайтын.  Даладан сым тауып алып, одан қолдан машина жасап ойнайтынбыз.

Жеті жасымда, бізге ер адам келіп, өзін алыс туыстарыңмын деп таныстырды. Сосын ол мені алып кетіп, құжаттарымды реттеп, мектепке орналастырып беремін деп уәде етті. Айта кету керек, туғаннан менің құжаттарым болмаған, себебі анам мені перзентханада емес, үйде босанған. Бастапқыда анам қарсыласқанымен, келген ер адам қой берем деген соң, ол мені беруге келісті.

Құжаттарымды жасап, мектепке берудің орнына ол кісі мені шемішке сатқызып қойды. Оның қыздары мені әу-бастан жақтырмай, маған қорлық көрсете бастады. Бірде бұзақылар келіп, менің барлық шемішкемді алып кетті. Ал оның қыздары болса, шемішкені мен түгелдей сатып, ақшасын өзі құртты деп айыптады. Үйге келген соң, қыздарына сенген қожайындар мен қатты соққыға жығып, аяғымнан асып қойды. Қанша жыласам да, олар сөзіме құлақ аспады. Содан есімнен танып қалдым. Көзімді ашсам, маған суық су құйып жатыр екен. Сөйтіп олар мені әке-шешеме қайта қайтарды.

Біраз уақыт өткен соң, мен полиция қызметкерлері қой бағып жүрген жерімнен көріп, мектепке бармайтынымды анықтады. Интернатқа орналастырды. Бірде ол жаққа белгісіз ер адам келіп, мені және бірнеше баланы алып кетті. Олар бізді психикалық ауытқуы бар деген жалған анықтама жасады.

Сөйтіп, олар бізді фермаға әкеліп, біз күндіз-түні еңбек еттік. Далада немесе малдармен бірге қорада ұйықтайтынбыз.

Қожайынымыз бізді қатты азаптайтын, ұрып-соғу деген жеңіл көрінетін ол азаптармен салыстырғанда. Ұйықтап жатқандардың үстіне спирт құйып, өртейтін, кейбірін кісендеп тастайтын. Қашып кеткісі келгендердің зілбалғамен аяқтарын сындыратын.

Көбісі қашып кетуге әрекеттенетін, бірақ полиция бөлімшесіне жеткенде оларды қайта ұстап, қожайынға қайтаратын.

Фермаға полиция қызметкерлері жиі келе бастады. Тексеріс жүргіземіз деп адамдарды алып кететін. Сонда мен қожайынымыз бізді өлтіргісі келіп жүр екен деп ойладым да, қашып кеттім. Артымнан біреу қуып келе жатқандай көрінетін. Түнде ғана жүріп, күндіз тығылып жататынмын. Үш тәулік қаштым", - деді ол.

«Басқа фермаға келіп, жұмыс сұрадым. Олар да жалақы төлемейтін, бірақ ұйықтайтын жер болды. Маған да жақсы қарады. Онда мен бірнеше жыл бойы жұмыс жасадым. Сондағы бір жұмысшыға өз өмірімді айтып беріп едім, ол бейімдеу орталығына баруға кеңес берді.

Онда мені жылы қабылдаған жоқ. Бірақ көмек беруге уәде етті. Кейіннен бір әйел келіп, құжаттарымды реттеп, ресми түрде жұмысқа орналастыруы керек болды. Барлық мәліметтерді бергеніммен, қанша жыл өтсе де, құжаттарымды жасаған жоқ. Қожайыным жарты жылда бір рет ол бізді қалаға (Жезқазған) жіберіп, 10 мың теңге беретін болды.

Содан кейін қожайыным маған үй салып берсең, алпыс мың теңге берем деп ұсыныс айтты. Өмірімде мұндай көп ақшаны ұстап көрмеген мен, үйді тезірек аяқтау үшін күн-түн демей жұмыс жасадым. Үйді салып болғанда, қожайыным маған айтқан ақшаның жартысын ғана берді. Олардың бір бөлігіне киім алып, жарты ақшасына Степногорскіге жеттім.

Онда дала сыпырушы болып жұмысқа тұрдым. Бөлмені жалға алып, алғашқы махаббатымды жолықтырдым. Өзімді еркін адамдай сезіне бастадым. Кейін Ақсуға көшіп бардым. Себебі, қожайыным пәтерін сатып жіберді. Сөйтіп, күзетшілікке орналастым.

Жақсы адаммен танысып, ол мені өз үйіне жұмысқа алды. Бастапқыда тағы да алдап кете ме деп қорыққан едім, бірақ маған ондағылар жақсы қарады. Тіпті отбасылық мерекеге де шақырды.

Ол кісінің туыстарының бірі менің өмірімді естіп, Астанаға баруды ұсынды. Ол өзі үйінен жұмыс тауып берем деді. Қазір сол кісілердің үйінде жұмыс жасаймын. Пеш жағамын, хостелдегі бөлмелерді тазартамын. Басқа да түрлі жұмыстар жасаймын. Сол үшін 130 мың аламын.

Қазір шағын болса да, өз бөлмем бар. Енді Астанаға сүйіктімді әкелсем деп армандаймын. Жақында әке атанамын, балама өз махаббатымды берсем деймін. Мен оған ешқашан басымнан не өткенін айтпаймын. Өмірде мұндай қатыгездік бар екенін оның білгенін қаламаймын.

 

Тағы оқыңыздар:

Сәтбаев қаласында пәтер өртеніп, екі мүгедек бала тірідей жанып кетті

Шымкенттік ана кішкентай ұлының ВИЧ жұқтырғанын естігенде "өмірден түңіліп кеткен"

Гүлнәр Каримоваға тиесілі 850 млн доллар өзбек халқына таратылуы мүмкін

Қасиетті Қағбаны жабындысыз көрген мұсылмандар таңырқап қалды

"Гламур для дур" фильмінен кейін Ақботаның тағдыры күрт өзгеріп кеткен

Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесі әуеде жанып кетті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1335462-qazaqstan-azamaty-quldyqta-korgen-az.html