RU

Тәуекел Мүсілімнің "фанаттары" Бердібек Сапарбаевқа таласып қалды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Бердібек Сапарбаевты қайтарып алғылары келеді. «Бізге қайтып оралыңыз», «Сіз кеткен соң, өңірдің жағдайы нашарлар кетті» деген сарындағы жазбалар Тәуекел Мүсілімнің Instagram-дағы парақшасында жазылған, деп хабарлайды «Тілші».

Айта кетейік, осыдан санаулы күн бұрын Ақтөбе облысында болған Тәуекел Мүсілім облыс басшысымен суретке түсіп, инстаграмдағы парақшасына жүктеген болатын.

«Бердібек Сапарбаев ағамыз Өскемен қаласына сіңірген еңбегін атап айтпасқа болмас», «…ағамыздың күні өтіп, қыстың алғашқы күндерінен бастап сағындық қой. Өскемен қаласынан», «…кімнің жұмыс жасап, кімнің жұмыс жасамайтынын көріп жүрміз, бізге осындай ағалар керек. Креслоада түк бітірмей, бәрі отыра алады. Жаңа әкімнің түрін көрмедім, теледидардан бірнәрсе істеп жүр деп», «Шығысқа қайтыңызшы, сағындық», «ШҚО-ға қайтадан жіберіңіздерші» деп жазады Тәуекел Мүсілімнің жанкүйерлері. Осы сарындағы жазбалар көп.

Өз кезегінде, әртістің ақтөбелік фанаттары да қарап қалмады.»Жоқ, әкімімізді еш жаққа жібере алмаймыз» дейді олар.

Тағы оқыңыздар:

Сәтбаев қаласында пәтер өртеніп, екі мүгедек бала тірідей жанып кетті

Шымкенттік ана кішкентай ұлының ВИЧ жұқтырғанын естігенде "өмірден түңіліп кеткен"

Гүлнәр Каримоваға тиесілі 850 млн доллар өзбек халқына таратылуы мүмкін

Қасиетті Қағбаны жабындысыз көрген мұсылмандар таңырқап қалды

"Гламур для дур" фильмінен кейін Ақботаның тағдыры күрт өзгеріп кеткен

Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесі әуеде жанып кетті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1335481-tauekel-musilimninh-fanattary-berdib.html