RU

Испанияда теңізден көтерілген алып құйын жұрттың зәресін ұшырды (видео)

Валенсия провинциясындағы Суэка қаласының тұрғындары теңізден көтерілген алып құйыннан қорқып, зәресі ұшты деп хабарлайды 24.kz.

Ерекше құбылысты видеоға түсіріп алған жұрт оған «теңіз торнадосы» деп ат қойыпты. Бұл құйын теңіздің жағасына тым жақын келген кезде халық одан бетер шошыған.

Метеорологтардың айтуынша, мұнда соңғы 10 жыл уақыт ішінде мұндай құбылыс болмаған. Роликтен теңізден қалың колонна тәрізді болып көтерілген судың бірнеше жүз метрге дейін көкке атылып, шексіз аспанмен шектескенін байқау қиын емес.

Жалпы бұл құбылыс ғылым тілімен «су құйын» деп аталады екен. Кенеттен көтерілген құйын салдарынан Валенсия мен Мадрид командаларының арасында өткелі тұрған футбол матчы кейінге шегерілді.

Тағы оқыңыздар:

Сәтбаев қаласында пәтер өртеніп, екі мүгедек бала тірідей жанып кетті

Шымкенттік ана кішкентай ұлының ВИЧ жұқтырғанын естігенде "өмірден түңіліп кеткен"

Гүлнәр Каримоваға тиесілі 850 млн доллар өзбек халқына таратылуы мүмкін

Қасиетті Қағбаны жабындысыз көрген мұсылмандар таңырқап қалды

"Гламур для дур" фильмінен кейін Ақботаның тағдыры күрт өзгеріп кеткен

Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесі әуеде жанып кетті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1335530-ispaniyada-tenhizden-koterilgen-alyp-q.html