Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Опубликовано:

Бес ұлдың арасында өскен жалғыз қызын тұрмысқа берген шымкенттік ана енесінің алдында қалай ұятқа қалғанын айтып берді деп жазады Замана басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жалғыз әрі кенже қызын ерте ұзатқысы келмеген ана баласының оқуын бітіріп, бірер жыл жұмыс істегенін қалаған.

"Жиырмаға толмай жатып, ұзатқым келмеген. Сөйтіп оған күйеуге шығу туралы әңгімені алдағы бес жылда да маған қайтып айтушы болма деп қатаң ескерттім. Осымен әңгіме біткендей болған. Бір күні келінім оңаша отырғанымызда: «Апа, Сұлудың ұнатып жүрген жігіті өте бақуат­ты отбасыдан екен. Жігітті көріп, анасымен танысып, сөйлесіп көрсеңізші алдымен. Ұнамай жатса, содан кейін-ақ «жоқ» деп беттерін қайтара беруге болады ғой», – деді. Сірә, қызым жеңгесімен сырласқан болуы керек. Осыдан кейін біраз күн ойланып, ақыры қызыма: «Жігітіңмен, оның анасымен танысып көрейін дедім", - дейді автор.

Болашақ күйеубаласын да, құдағиын да бір көргеннен қатты ұнатып қалған құдағи екі жасты үйлендіру мәселесін сол жерде отырып-ақ шешіп тастаған.

"Отбасымды таныстырғанда құдағиға жасы тоқсанға келіп қалған енем бар екенін айттым. Бірақ қалыңмал, ағайынға әкелетін тоғыз, киіт деген мәселелер туралы сөйлескеніміз жоқ. Бақуат тұратын адам ондай жол-жоралғыларды мен айтпай-ақ жасайды ғой деп ойлағанмын", - деген автор құдалары бақуатты жандар болған сон барып салып дайындыққа кірісіп кеткен.

"Құдалар бақуат жандар екен деп естіген соң қызымның жасауына қосатын әр затымның жақсы, сапалы, ерекше болуына мән бердім. Тіпті үйге де біраз соңғы үлгідегі, жаңа заттар алып қостым. Келетін құдаларға кигізіп жіберетін киітке деп жақсы, бағалы киімдер алдым.

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, құдалық күтетін күн де келіп жетті. Құдалар қалыңмалға он мың доллар әкеліпті. Әкесі екеумізге құндыз ішік кигізді. Мәз-мейрам болып қуанып тұрғанымызда жаныма абысыным келіп, құлағыма: «Құдағиың апама ештеңе әкелмепті» – деп сыбырлады. «Мүмкін емес, сөмкенің бір бұрышында жатқан шығар, қараңыз», – деп қоямын. «Жоқ деймін, әкелмепті. Өзінен сұрашы», – дейді. Мен не деп сұраймын, ұят емес па?

Жасы келіп қалғанымен енем әлі ештеңеден жаңылған емес. Құдалықтың шырқын бұзба­йын дегені шығар ештеңе айта қоймады. Бірақ бәрі біткеннен кейін:

«Құдағиың көргенсіз ба, сен көргенсізсің ба, ол жағын мен білмедім. Бірақ әжесі ретінде құдалықта менің де жағалы киім киетін жөнім бар еді», – деді. Мен енеме ештеңе дей алмадым. Құдағиға айтып едім деп өзімді ақтап алудың да жөнін таппадым. Бірақ ол үшін қатты ұялдым", - деп түйіндеді отанасы.

Тағы оқыңыздар:

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Головкин Қазақстандағы жекпе-жегін мамыр айында өткізуі мүмкін

Атамбаев: Ресей әскерилері Қырғызстандағы әскери базадан кетуі тиіс

Мұсылман қыз хиджабтарын шешіп тастап жатқан аруларға ақылын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1335793-qalynhmalgha-10-mynh-dollar-akelgen-qudala/

pixel