RU

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Отандық әнші Әдемі өзінің ауыр дертпен қалай күрескенін баяндап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнаның "Ұят емес" бағдарламасында айтты.

Әншінің айтуынша, ол ауыр дертке ұшырап, жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан.

"Таңертен тұрсам, белім бүгіліп қалған, жүре алмаймын. Дәрігерлер менің қандай дертке ұшырағанымды айта алмады", - деген ол жүктілік кезеңінде қалай азапқа салынғанын айтты.

"Ол кезде аяғым ауыр еді. Дәрігерлер маған жасанды түсік жасат деді. Себебі, мен баланың түгілі, өзімнің де салмағымды көтере алмайтындай халде едім. Ешкім баламның дүниеге аман-есен келетініне кепілдік бере алмайтындай еді. Мен одан бас тарттым. Тұрмыстамын, жасанды түсіктің не қажеті бар деп ойладым", - деді ол.

"Бұрын мен салмағым 69 болса, ауырған кезде 36 келіге түсіп қалдым. Денсаулығы жақсы адамдарды қызғанатын кездерім де болды. Ұйықтаған кезде де қатты ауыратынмын, сонда не үшін өмір сүрем деп ойладым. Ауырмайтын жерім болмады", - деді ол.

"Мені бір кісі емдеп шығарды. Ол адамның омыртқасын түзететін еді. Ол күйеуіме "сен мұндайды көре алмайсың" деді. Сол үшін көлігіне бар да, терезелерді жап та, отыр деді. Күйеуім мені оның жанында жалғыз тастағысы келмеді. Тоғызыншы қабаттан шыққан менің даусымды ол көлігінде отырып естіпті", - деп ағынан жарылды ол.

Тағы оқыңыздар:

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Головкин Қазақстандағы жекпе-жегін мамыр айында өткізуі мүмкін

Атамбаев: Ресей әскерилері Қырғызстандағы әскери базадан кетуі тиіс

Мұсылман қыз хиджабтарын шешіп тастап жатқан аруларға ақылын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1335795-zheti-ay-boyy-tosekke-tanhylyp-zhatqan-qa.html