RU

Forbes АҚШ-тың ең бай адамдарының тізімін жариялады

Forbes журналы 2016 жылғы АҚШ-тың ең бай-дәулетті адамдарының тізімін жариялады деп хабарлайды Астана арнасы.

Бұл жолы да Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс көш бастады. Ол осымен 23 жыл қатарынан Американың ең дәулетті адамы саналып отыр.

60 жастағы миллиардердің биылғы табысы $81 млрд доллардан асып жығылады. Рейтингтің екінші сатысына Джефф Безос жайғасты.

Amazon интернет-компаниясы қожайынының жылдық табысы 20 млрд долларға көтеріліп, $67 млрд-қа жеткен. Ал үшінші орында Уоррен Баффет. Ол Билл Гейтстен кейінгі АҚШ миллиардері еді. 15 жыл қатарынан Форбс рейтінгісінің екінші орнынан түспеген кәсіпкердің биылғы табысы $3,5 млрд-қа жетіп, жалпы алғанда, $65,5 млрд долларға жеткен.

Марк Цукерберг алғашқы бестіктің қатарына енді. Ол Гарвард университетін аяқтамай, 2004 жылы 19 жасында фейсбук әлеуметтік желісінің негізін қалады. Марк Цукербергтің биылғы табысы $55,5 млрд долларға жетіпті. Бестікті қортындылайтын Эллисон Ларри.

Oracle интернет-компаниясы басшысының биылғы табысы $49,3 млрд долларға жеткен.

Тағы оқыңыздар:

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?

Астана мектептерінің бірінде оқушы өлі күйінде табылды

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1335859-forbes-aqsh-tynh-enh-bay-adamdarynynh-tizimin-zha.html