RU

Мұнай қымбаттаған соң теңге бірден нығайды

Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда сессиясында АҚШ долларының орташа есептегі бағамы жұма күні $1 үшін 334,34 теңге деңгейінде тұрақтады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 342,03 теңге болатын деп хабарлады биржа. Brent маркалы мұнай бағасы 2 қарашадан бері алғаш рет бір баррель үшін 48 доллар мөлшерінен асып түсті. Белгілі болғандай, бейсенбі күні Қазақстанның тұңғыш президенті күнін атап өтуге байланысты KASE-де сауда жүргізілген жоқ.

Доллар бойынша сауда көлемі сәрсенбі күні таңертеңгі мөлшердегі 36,2 миллион долларға қарсы жұма күні 57 миллион долларды құрады. ОПЕК-тің сәрсенбі күнгі бекіткен келісім бойынша, 2017 жылы 1 қаңтардан бастап мұнай алу көлемі күніне 1,2 миллион баррелден қысқартылып, 32,5 миллионға дейін жеткізіледі.

Тағы оқыңыздар:

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?

Астана мектептерінің бірінде оқушы өлі күйінде табылды

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1335928-qymbattaghan-munaydynh-artynan-birden.html