RU

Тым көп ішіп қойған польшалық азамат мәйітханада бір-ақ оянды

Польшада тым көп ішімдік ішкен азамат, мәйітханада бір-ақ оянды. Бұл туралы шетелдік басылымдарға сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ер адам кезекті ішімдіктен кейін жүрек талмасынан есінен танып қалған. Дәрігерлер оны өлдіге санап, мәйітханаға жібереді.

Каменна-Гура қаласында болған бұл жайт мәйітхана күзетшісінің зәре-құтын ұшырған. Мас азамат арнайы тоңазытқыш ішінде көмекке шақырып, айқайға басқан.

"Қолым дірілдеп, есікті әзер ашқанымда, ішінен дірілдеп тұрып менен жамылғыш сұраған мәйітті таптым", - деп сол күнді есіне алды күзетші.

Оны дәрігерлер қайта тексеріп, кейін үйіне жібере салған.

Тағы оқыңыздар:

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?

Астана мектептерінің бірінде оқушы өлі күйінде табылды

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1335951-tym-kop-iship-qoyghan-azamat-mayitkhanad.html