RU

Қарағанды облысында Назарбаев өз қолымен салған үй әлі күнге дейін құламай тұр (фото)

Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Балықтыкөл ауылында елбасының қолтаңбасы бар. Елді-мекен негізі қаланып, үйлер салына бастаған кезде студенттік құрылысшылар жасағы қатарында Нұрсұлтан Назарбаев та болған.

Бұл туралы Қазақстан арнасы хабарлайды.

Балықтыкөл ауылындағы бұл 11 үйдің құрылысына елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. Ауыл негізі қаланған кезде тұрғызылған бұл баспаналар талайға құтты қоныс болған.

1964 жылы Нұра ауданында қой шаруашылығын дамыту бағытында 4 бірдей ауылдың құрылысы басталған. Жапан далада үйлерді тұрғызу үшін Қарағанды политехникалық институтынан да құрылыс жасағы ретінде 30 студент жіберілген. Араларында Нұрсұлтан Назарбаев та болды, - дейді көзкөргендер.

"Әкеміз шаруашылық директорының орынбасары болды. Қарағандыда тұрғанбыз. 1964 жылы шілде айында көшіп келдік осында. Сонда ауылда палаткалар ғана тұратын. Студенттер үй салып жатты. Соның бастығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды", - дейді ауыл тұрғыны Уәлихан Сәлімбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев ол кезде отряд жетекшісі еді. Өйткені 24 жастағы еңбекқор жігіттің ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары болған. Жалындаған жастардан құралған студенттер жасағы жатпай-тұрмай еңбек етіп, бар болғаны екі ай ішінде Балықтыкөл ауылында шопандар үйін толық салып шыққан.

Сол кезде құрылыстың бас инженері болған Қорабай Досжанов қазір осы Нұра ауданының Кертінді ауылында тұрады. Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық қабілетін сол кезден-ақ байқадық,- дейді елбасы замандасы.

Елбасының өмір жолынан сыр шертер осынау деректер жайлықұнды құжаттар Нұра ауданының Киевка кентіндегі тарихи-өлкетану мұражайында сақталған. Мұнда студенттік құрылысшылар жасағында болғандардың тізімі бар. Тіпті еңбекақылары қанша болғаны көрсетілген. Мәселен, студент- Нұрсұлтан Назарбаев 259 сом 81 тиын алған.

Тағы оқыңыздар:

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева халық алдына шықты (фото)

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?

Астана мектептерінің бірінде оқушы өлі күйінде табылды

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1335977-qaraghandy-oblysynda-nazarbaev-oz-qol.html