RU

Макс Боқаев пен Талғат Аян рақымшылыққа ілікпеуі мүмкін

Қазақстанда рақымшылыққа тыйым салатын баптардың тізімі ұлғайтылуы мүмкін деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді.

"Сіздер атаған баптар бойынша, әзірге рақымшылық жасауға тыйым салынған", - деді Меркель, журналистердің бейбіт жиындар мен митинг ұйымдастырғаны, ұлтаралық араздықты қоздырғаны және жалған лаңкестік үшін сотталғандар рақымшылыққа ілінеді ме деген сұрағына.

Бұл баптардың рақымшылыққа тыйым салынған тізімге кіріп-кірмеуі туралы соңғы сөзді депутаттар айтады.

"Біз барлығымызға потенциалды қауіп төндіретін тұлғаларға рақымшылық жасамауды ұсынамыз. Бұл кісі өлтіргендер, зорлық қылмысын жасаған, қылмыстық топ құрамында қылмыс жасағандар. Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне соқтырған абайсыз қылмыстар. Әрине бұл негізінен жол апаттарына қатысты. Біз сіздердің қарауларыңызға осы тұлғалар санатына рақымшылық қолданбауды ұсынамыз", — деп түйді Меркель.

Бұдан бұрын, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің қарауына "Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын енгізді. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары палатаның сәрсенбідегі жалпы отырысында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикада рақымшылық жасау туралы заң жобасын өндіріске алды.

Еске салсақ, бұған дейн Жер реформасына қарсы өткен Атыраудағы митингіге қатысқаннан кейін қылмыстық баптар бойынша айыпталған азаматтық белсенді Макс Боқаев пен Талғат Аян бес жылға бас бостандықтарынан айырылған болатын. Олар рақымшылық жасауға тыйым салынған баптар бойынша айыпталып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева халық алдына шықты (фото)

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?

Астана мектептерінің бірінде оқушы өлі күйінде табылды

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336001-maks-boqaev-pen-talghat-ayan-raqymshylyq.html